Энергетиктер делегаты

2018-10-11 112149

2018 ж. 3 қазанында Астана қ. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХV кезектен тыс съезі болып өтті. Оған Қазақстанның түкпір түкпірінен салалық кәсіподақтардың 200 астам делегаттары қатысты.

«Энергетиктердің қазақстандық салалық одағы» ҚБ және «Алматы қ. кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі атынан аталған съез делегаты болып «Энергожөндеу» ӨЖК жөндеулер қызметінің бастығы, «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының белсенді мүшесі Айдар Иманқұлов қатысты.

$1-        «Әрине, компаниямыздың атынан, еліміздің энергетиктерінің атынан республикалық маңызы бар осындай ауқымды және тарихи іс-шараға қатысу мен үшін үлкен құрмет болды», - деді Айдар Иманқұлов. «Бұл үлкен тәжірибе, себебі қарапайым кәсіподақ мүшесі ретінде мен кәсіподақ қозғалысы туралы кеңінен республикалық ауқымда білдім». Съезде Қазақстанның әртүрлі өңірлері мен аймақтарынан келген түрлі мамандықтардың делегациялары болды. Бұл түрлі салалардағы кәсіподақтар өкілдерімен танысуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының съезі - мемлекет пен жұмысшылар, әрқайсымыз үшін маңызды оқиға.

$1-        Өйткені, кәсіподақ - бұл қызметкерлердің әлеуметтік және экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, әлеуметтік кепілдіктер мен тұрақтылықтың кепілдіктерін қамтамасыз етуге ұмтылатын ұйым. Тұрақты кәсіпорын, тұрақты қоғам, тұрақты мемлекет еліміздің дамуы мен гүлденуі үшін іргелі факторлар болып табылады.

2018-10-11 112200