Кәсіподақ ұйымдарының жас көшбасшылары «Келешек» аймақтық кәсіподақтар қауымдастығының алаңында «TOPBrain» зияткерлік ойын өткізді. Ұйымдастырушы «Алатау Жарық Компанисы» АҚ болды. Аталған шараға «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «PetroKazakhstan» АҚ және «Азия газ құбыры» ЖШС қатысты. «АлЭС» АҚ атынан Жарқын Болашақ жастар ұйымының белсенділері Батыров Данияр, Макенов Асхат, Абдуллаев Нуржан, Кияков Мирас және Малаев Адыл, жастар ұйымының белсенділері қатысты.
Ойын корпоративтік мәдениетті, коммуникацияларды, аналитикалық дағдыларды дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және Алматыдағы энергетикалық компаниялар арасындағы әріптестікті нығайту мақсатында өткізілді.
Зияткерлік ойынның қорытындысы бойынша жүлделі 1-орын
«Алатау Жарық Компаниясы» ЖШС, 2- орын – «Үздік бестік» құрама командасына, 3- орын – «Алматы электрстанциялары» АҚ командасына берілді. Аталған шараның бас қолдаушысы «PetroKazakhstan» АҚ болды.
$1- Ойын қызықты «Блиц сұрақтар», «География», «Эволюция» және «Ұлттық» деп аталатын 4–кезеңнен тұрды. Ең танымдысы ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы сұрақтар қамтылған төртінші кезең болды. Осындай ойынды «АлЭС» АҚ өткізу жоспарланған. Себебі мақсатымыз бір - белсенді жастарды біріктіру және мемлекетіміздің дамуына үлес қосу», -
деді «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева.