«АлЭС» АҚ: Елбасы жолдауын талқылау

          2018 жылғы 5 қазанда «Алматы электр станциялары» АҚ еңбек ұжымдарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеттеріне арналған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан  халқына жолдауы мұқият қаралған жиналыстар өтті. Осыдан кейін жолдау барлық департаменттерде талқыланды.

«Қазақстан халқына жолдауында Елбасы Үшінші модернизацияның бес негізгі басымдығын атап өтті. Президент республиканың барлық азаматтарына қатысты маңызды мәселелерді көтерді. Ол 2019 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін ұлғайту, өмір сапасын арттыру, 7-20-25 тұрғын үй бағдарламасы бойынша сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері тарифін тәртіптеу, жер мәселесі ... Елбасының жолдауы бәріне түсінікті болды, - деді Валерий Ситдиков, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының «АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымының хатшысы.

«АлЭС» АҚ еңбек ұжымы мемлекетіміздің саясатын және елдің даму бағытын қолдайтынын білдірді. 

2018-10-09 120141