«АлЭС»АҚ Әзірлік паспортын алды

«Алматы электр станциялары» АҚ 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде ең жоғары жүктемені көтеруге дайындығын растайтын әзірлік паспортын алды. ҚР Энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау «АлЭС» АҚ объектілерінің жабдықтарының әзірлігіне тексеру жүргізді және 2019 жылғы 6 қыркүйекте «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, энергия өндіруші ұйымдардың 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын берді.

«АлЭС» АҚ Батыс жылу кешенінің 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты 2019 жылғы 30 тамызда Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасынан алынды.

- «АлЭС» АҚ жылыту маусымына дайын, - деп атап өтті Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары – Бас инженер Газий Исмухамбетов. – Қазіргі таңда резервтік қазандар мен турбиналарды есепке ала отырылып, жылыту маусымын бастау үшін қажетті жабдық құрамы дайындалып, жөндеу жүргізілді. Алдағы жылыту кезеңіне отын жеткізуге шарт жасалуда.

2018-10-08 075958