«AлЭС» АҚ командасы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы кубогы үшін 2018 жылдың 14 қыркүйегінде Астана қаласында өткен 5-ші Спартакиадаға белсене қатысты.
Жарысқа «АлЭС» АҚ қоса «АЖК» АҚ, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Мойнақ ГЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Сегрес-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және «ВИЭ сервис»
ЖШС спортшылары барлық спорт түрлерінен өткен жарыс түрлеріне қатысты: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, армрестлинг және шахмат. Нәтижесінде командалық жарыста біздің команда IV орынға ие болды.
Әйелдер арасындағы үстел теннисінде өз шеберліктерімен танылған 2- ЖЭО автоматтандырылған басқару жүйелері бөлімінің бастығы Наталья Рукосиева (II орын) болды, ал ерлер арасында «Каскад ГЭС» электротехникалық зертханасының меңгерушісі Айгали Ермурзаев (III орын) өнер көрсетті.
Армреслингте әйелдер арасында 65 кг дейінгі салмақ санатында 3- ЖЭО жөндеу жұмыстарының инженері Светлана Белякова қола медаль алды.
Волейболшылар командасы жүлделі III орынға ие болды. Біздің команда құрамында: 3-ЖЭО бухгалтері Елена Рябцева, «Энергоремонт» ӨЖК ӨД қызметкерлері Шәкен Қойшыбаев, электрмен дәнекерлеуші Айдос Селеубаев, электрик Еркебұлан Белгібаев, слесір Ерзат Тұрамбеков, слесір Ұлан Бельгібаев, жөндеуші слесір Избасар Алтаев болды.
«AлЭС» АҚ спорт командасы жыл сайын «Самұрық-Энерго» АҚ өткізетін спорттық іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Командадағы жеңімпаздық рух күшті! Келесі маусымда жеңіске жететінімізге сенімдіміз!