Тең мүмкіндіктер: Еуропа қайта құру және даму банкімен жүргізілген зерттеулердің нәтижесі

20 09 18 003

2018 жылғы 14 қыркүйекте «Алматы электр станциялары» АҚ – на ағымдағы жылдың маусым айында компанияның менеджерлері және қызметкерлерімен сұхбат арқылы алынған деректерді талдау негізінде тең мүмкіндіктер саласындағы зерттеулер нәтижелері туралы есепті ұсыну үшін Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) командасы келген болатын. Жоба аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның гендерлік саясат саласындағы болжам көрінісін қалыптастыру мақсатында энергетика секторындағы тең мүмкіндіктер бойынша халықаралық озық тәжірибелерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Корпоративтік көшбасшылықты қалыптастыру және тең мүмкіндіктер тәжірибесін дамыту; жоғарғы басшылықта әйелдердің қатысу мүмкіндігін кеңейту; энергетика саласындағы карьералық мүмкіндіктер туралы әйелдердің хабардарлығын арттыру сынды негізгі ұсынымдар талқыланды.