«АлЭС» АҚ – ның 2017- 2018жж. ҚР ЭМ алдындағы инвестициялық міндеттемелерін орындауы туралы

     Табиғи монополиялардың инвестициялық бағдарламаларының орындалуында анықтық пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы 5 қыркүйекте «Алматы электр станциялары» АҚ баспасөз туры өтті. ҚР Экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қ. бойынша департаментінің өкілдері, ҚР ЭМ ТМРБҚД тәуелсіз сараптамашылары, БАК өкілдері «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО өндірістік департаментіне барып қайтты.

 2018-09-07 074603

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының дамыту жөніндегі орынбасары Бағдәулет Үстенов медиа өкілдеріне «АлЭС» АҚ – ның   2017- 2018жж. ҚР ЭМ алдындағы инвестициялық міндеттемелерін орындауы және жылу беру маусымына дайындалу туралы баяндады.

- 2017 жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде 5,8 млрд. теңге сомасына негізгі іс-шаралар орындалды, – деді ол сөзін нақтылап.

 2018-09-07 074618

Оның құрамында біріншіден, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО –да күл-қожды жою жүйесін қайта құру жобасы. Аталған жобаларды жүзеге асыру станциялар жұмысының үздіксіз технологиялық жұмыс процесінде құралатын отынның күл-қожды қалдықтарын қоймалауға және өндіріс қызметінің қоршаған орта құрамдастарына тигізетін кері әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, Қапшағай ГЭС ОРУ-220 Кв жабдығын қайта құру жобасы. Үшіншіден, Қапшағай ГЭС VB VARTA үлгісіндегі аккумулятор батареяларына арналған зарядтау және демдеме зарядтау құрылғыларын ауыстыра қайта құру жобасы. Осы жобаны жүзеге асыру релелік қорғаныс құрылғыларын коректендірудің, автоматиканың, апаттық жарық берудің сапалы үздіксіз жұмысын, сонымен қатар VB VARTA үлгісіндегі аккумуляторлар батареяларының зарядтау және демдеме зарядтау кернеуін тұрақты деңгейде ұстап тұру нақтылығын қамтамасыз етеді.

Одан басқа, энергия көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарында күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды, энергия өндірудің максималды қауіпсіздігін, сенімділігін, үнемділігін қамтамасыз ету үшін және өндірістік активтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында өндірістік қызметке қатысатын негізгі құралдар сатып алынды.

2018 жылы қолдағы активтерді ауыстыруға, жаңартуға, қайта құруға, техникалық қайта қаруландыруға қажетті және жаңа құрылысқа бағытталған инвестициялық бағдарлама шараларын орындау, сонымен қатар өндірістің ағымдағы деңгейін ұстап тұру 4,8 млрд. сомасына жоспарланып отыр.

 2018-09-07 074631

Баспасөз турының барысында ҚР ЭМ ТМРБҚД және БАК өкілдері «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО өндірістік департаментінің күл үю орындарын өз көздерімен көріп, күл қож жою технологиясымен танысты.

 2018-09-07 074648

ТМРБжТҚҚК Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Кайырбектің пікірінше БАК өкілдері үшін өткізілген баспасөз туры «АлЭС» АҚ–ның 2017-2018жж. ҚР ЭМ  алдындағы инвестициялық міндеттемелерін орындауы бойынша энергетиктердің көпшілік алдындағы есебі болды.