Каскад ГЭС: тарих белестері

2018-08-25 100707

Каскад ГЭС –інің  құрылғынына 70 жыл толып отыр.  Бұл аз ба әлде көп пе? Алматы қаласының өндірістік-экономикалық қызметінде Каскад ГЭС рөлі қандай? Ол үшін оның қандай мақсатпен құрылғанын есімізге түсірейік.

        Соғысқа дейінгі  Алматыны  үлкен өнеркәсіп шоғырланған қала деп айта қиын болатын. Халқының  саны 200 мың адам шамасында болған, өндірістернің  энерго сыйымдылығы аз, шағын  болды. Қалада  электр энергиясын  көп мөлшерде тұтынудың қажеттілігі болған жоқ, сәйкесінше өндірілетін қуаттар да шағын болды.

        Ұлы Отан соғысы басталған барлығы өзгерді. Жау қорғанысқа жұмыс істейтін негізгі өнеркәсіптік өндірістер шоғырланған КСРО-ның еуропалық бөлігін басып алып, Мәскеу мен Ленинградқа таяп қалды.

2018-08-25 100720

Елдің күйреуіне әкеліп соқтыратын өндірістік базаны жоғалту нақты қауіп тудырды. Осындай ауыр жағдайда зауыттардың бір бөлігі КСРО-ның шығыс бөлігіне көшірілді. Соның ішінде Алматыға Украинадан Киров атындағы зауыт және Қазан көтерілісі атындағы (болашақ ААМЗ) паровоз жасайтын Ворошиловградтық зауыттың үш цехы көшіріліп, олар әскерге арналған өнімдер шығара бастады. Сонымен қатар Алматыға мыңдаған көшірілген халық, соның ішінде мамандар, олардың жанұялары келді. Осының барлығы электр энергия қажеттілігінің күрт өсуіне әкелді, өндірілетін қуаттар жеткілісіз болды. Осыған байланысты Ұлы Отан соғысы басталғанда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Үлкен Алма-Атинка өзенінде гидро электр станциялар каскадын салу туралы шешім қабылдады.

1942 жылы «Гидрожоба» институтының Ленинградтық бөлімшесі жобалау және дайындық жұмыстарын бастады, ал 1943 жылдың сәуірінде бірінші электр станцияларының құрылыстары басталды. Сол кезде адамдардың қандай жағдайларда жұмыс жасағанын елестету қиын әрине. Жұмыстар механикаландырылмаған, барлық жұмыс қолмен орындалды. Автокөлік орнына – жылқылар мен бұқалар жегілді. Құрылысқа қатысқан Каскад ГЭС ардагерлерінің естеліктерінен үзінді келтірелік: «Құрылысты тек бір балта және күрекпен бастадық» (Д.М.Глодан) «Қанша жұмыс атқарғанымызды есіме түсірсем сенуге қиын. Ауыр болды, өте ауыр» (Х.А.Станислав).

         «Маша Бреусовамен қаншама топырақты зембіл шығардық! Жер тасты болды, барлығын қолмен жасадық, шағым түсірген жоқпыз, жұмыс істедік» (А.Полыгалова).

         «Әрине, өмір сүру жағдайымыз қазіргідей болмады, жертөлелерде тұрдық» (Н.Волчановская)

2018-08-25 100732

          Бұл естеліктер көп жыл бұрын жазылып алынған, Каскад ГЭС құрылысшыларының көбісі дүниеден өтті. Осыған байланысты біздің кәсіпорынның ауыр жағдайларда, адамдардың адал еңбегімен құрылғанын ұмытпағанымыз маңызды.

                        Бұл адамдардың көбі жұмыс әулеттерінің негізін қалаушылар болды, нәтижесінде олардың балалары мен немерелері Каскад ГЭС-те еңбек етті және жұмысын жалғастырып келеді. Олардың жанкешті  еңбектерінің арқасында 1944 жылғы сәуірде болашақ Каскадтың  тұңғышы іспеттес  – 11-ГЭС пайдалануға беріледі. Осы жылдың қыркүйегінде 5-ГЭС және 9-ГЭС қалаға электр тоғын берді.  1945 жылы 10-ГЭС, ал 1946 жылы 6-ГЭС және 7-ГЭС құрылыстары  аяқталды. 1948 жылдың наурызында 8-ГЭС жұмысқа қосылды. 1948 жылдың 9 тамызы Каскад ГЭС «Казақэнерго» құрамындағы пайдаланушы кәсіпорын  болып құрылуының ресми күні болып қабылданды.

           Соғыс аяқталды, ал Каскад ГЭС-нің Алма-Ата қаласының тіршілігін қамтамасыз етудегі рөлі тек нығая түсті. Электр станциялар каскадының бірінші кезегін құру энергия жүйесіндегі электр энергия тапшылығын  жойды. Сонымен қатар Үлкен Алматы өзенінің су қорларын пайдалану жұмыстары жалғаса берді. 1953 жылдың қазанында «Озерная» 1-ГЭС пайдалануға берілді. 1-ГЭС 

2018-08-25 100922

бұрыңғы КСРО кеңістігінде (Н=576 м) ең жоғары тегеурінді гидро электр станция болып табылатынын айта кеткен жөн.

1959 жылдың шілдесінде Үлкен Алма-Ата өзені су қорларының энергиялық потенциалын пайдаланатын гидростанциялар құрылысы 2-ГЭС енгізілуімен аяқталды.

1950 жылдан 1960 жыл аралығындағы мерзімде Каскад ГЭС электр станцияларымен электр энергиясын өндіру Алматы энергия жүйесінің жалпы балансында 50-60 % - ке жетті. Қазіргі таңда өндірілетін электр энергияның «АлЭС» АҚ өндіретін электр энергияның жалпы көлемінің 5-6 %-нан аспайды.

Кәсіпорын жұмыс істегелі 14,5 млрд кВтсағ. электр энергиясы өндірілді. Каскад ГЭС-ті болашағы қандай болмақ, кәсіпорынды келешекте не күтіп тұр?

2018-08-25 100931

Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Әрине, Алматы өңірінде энергияны тұтынудың ұдайы өсуіне байланысты жыл сайын Каскад ГЭС-нің энергия өндіруші кәсіпорын ретінде маңызы ұлғая түсуде. Бірақ өндіруді бұрынғы қалыпта қамтамасыз етудің мүмкіндігі техникалық тұрғыдан шексіз емес. Барлық негізгі жабдықтау үшінші нормативтік пайдалану мерзімін атқарып жатыр, оған қосалқы бөлшектер шығарылмайды. Пайдаланып жүрген 13 гидро агрегаттардың 8 – шетелде жасалғандығы қиындатады. Каскад ГЭС-ін аумақты қайта құру мен жаңарту мәселесінің туындағанына біраз уақыт болды. Мәселе жаңа жабдықтар өндіретін қуаттың көбейюінде емес, қызметкерлердің оны сенімділікпен және қауіпсіз пайдалану кепілдігінде.

Жабдықтардың жеке түйіндерін жөндеу және ауыстыру апаттық технологиялық қауіпін төмендетпейтін жалпы тозуы қызметкерлер өмірі үшін қауіпті. Осы мақсатпен бірнеше жыл бұрын «КазГИДРО» ЖШС-мен «Каскад ГЭС-ін қайта құру мен жаңарту» ТЭН –і жасалды. ТЭН -ге сәйкес 1-ГЭС және 2-ГЭС қайта құру, сонымен қатар 9, 10 және 11-ГЭС-терді жоспарланған бөлшектеудің орнына жаңа 12-ГЭС салу жоспарланды. Сонымен қатар Каскад ГЭС-нің жалпы белгіленген қуаты 9,2 МВт дейін өсуге тиіс еді. Бірақ ТЭН негізіндегі басталған жоспарлық жұмыстарды белгілі себептерге байланысты тоқтатуға тура келді. Қазіргі уақытта оларды қайта бастау мүмкін болмай отыр, өйткені кәсіпорын қызмет ететін табиғи және әлеуметтік жағдайлары түбегейлі өзгерді.

2018-08-25 100944

Каскад ГЭС энергия өндіру үшін жаңғырмалы табиғи су көзімен жұмыс істейді. Ал ол суды құратын мұздықтар көлемі соңғы 50 жылда екі есеге азайып кетті. Одан басқа, Үлкен Алматы шатқалы тұрғын үйлер мен инфрақұрылым объектілерін салу жағынан қарқынды игеріліп жатыр. Осыған байланысты, электр энергиясын өндіруге тікелей әсер ететін Каскад ГЭС-ін деривациялау бойынша гидро техникалық құрылғылардан қайталама суды пайдаланушылар су қорларының қомақты бөлігін алып отыр. Сонымен қатар су қорларын энергетика қажеттіліктерінен гөрі баяу болса да, тұрмыстық мақсаттарда пайдалануға ауысып отыр. Кейбір мәліметтер бойынша салынып жатқан «Көк-Жайлау» тау шаңғысы курортының жоспарлы суды пайдалануының көлемі ҮАӨ пайдалану тәртібін қайта қарап, ГЭС-ті шектеуге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Соған байланысты Үлкен Алматы өзені бассейнінде Каскад ГЭС қайта құруға дайындық үрдісін қайта бастау үшін 2040 жылға дейін қызмет ететін және перспективті жаңа су балансын жасау қажет, оның негізінде Каскад ГЭС өндіретін қуаттардың су қорларымен қаншалықты қамтамасыз ететініне зерттеу жүргізу қажет. Осының нәтижесінде ескі жабдықтардың орнына қандай қуаттағы жаңа жабдық орнату туралы шешім қабылдаған жөн. Ал қазіргі таңда Каскад ГЭС ұжымы өндірілетін қуаттарды тұрақты және сенімді пайдалану жағдайын және электр энергиясын өндіру деңгейін жыл сайын бір қалыпта ұстап тұру үшін қолынан келетін барлық жағдайды істеуде.

Соңғы жылдарда көп жұмыстар атқарылды. 6-ГЭС жаңа кабельдік эстакадасы 7-ГЭС енгізілуіне байланысты бұрын жеке жер иеліктері арқылы өткен, оларды қатынастыратын 6 кВ қуатты кабельдердің бұзылуы себебінен 6-ГЭС апаттық тоқтап қалу жағдайлары қайталанбайтын болды. 6-ГЭС құбыр желісі және бос су таратқышты бәсеңдеткіш орнатылды. 2-ГЭС 2-А орнатылған алмалы-салмалы шөміші бар жаңа жұмыс дөңгелегін тәжірибелік пайдалану жүргізіліп жатыр. Каскад ГЭС объектілерін инженерлік қорғау өсіп жатыр. Бір қатар станциялық түйіндерде және өндірістік объектілерде сенімді периметрлік қоршаулар жасалған және бейнебақылау жүйесі орнатылған. Бұл жұмыс жалғасуда. Бастапқы және қайталама су пайдаланудың су шығынына есеп жүргізу жүйесі енгізілді. Өндірістік шығындарды азайту мақсатында бұрын мердігерлік негізде жылумен орталықтан қамтамасыз етілетін объектілерді жылытудың дербес газ қазандықтары объектілері арқылы жылыту түріне ауыстырылды. Осының барлығы қызмет еңбек етіп жүрген өндіріс ардагерлерінің арқасында мүмкін болды, олардың үлкен тәжірибелері, адал еңбектері қазіргі уақытқа дейін энергетиктердің жас буынына үлкен үлгі болып табылады. В.В.Войнов, О.В.Чеснаков, С.И.Радченко, С.М.Линник, А.В.Кулишов, С.В.Виницкий, С.В.Киселев, С.А.Субботин, В.Н Долгалев және тағы басқалары жиырма жылдан аса уақыт кәсіпорында жұмыс атқарып және білімдерімен бөлісіп келеді. 10-15 жыл бойы Н.С.Прянишников, Т.В.Мироненко, Н.Г.Часовникова, С.В.Васильева, А.В.Виницкая, Г.П.Кулишова, С.А.Саттаров, А.А.Колесников, А.В.Кулишов және басқалары белсенді және жемісті еңбек етіп жүр.

2018-08-25 100957

Кәсіпорын тарихының басында тұрғандардың көбі Семеновтар, Узденовтар, Рассказовтар, Поповтар, Васильевтар сияқты энергетиктер әулеттерін құрды. Дүниеден өткен ардагерлер есімдері жадымызда мәңгіге сақталады. Олар И.Я.Воробьев, П.А.Левин, Л.И.Нестерова, В.Н.Никитин, В.Ф.Круглов, В.И.Михайлов, О.А.Костенкова, О.Т.Обыденная, М.Л.Розенблит, Г.А.Долгополов, А.С.Джуманов, С.С.Семенов, А.Г.Коршунов, Н.П.Рассказов, Н.И.Белида, Б.И.Лапшин, Л.И.Буряков, О.Ф.Голушко, А.С.Мальцев, Ю.М.Чуркин, Г.Ю.Бородин, Н.А.Саттарова, А.Я.Даньков, А.П.Шипошин, П.П.Чукреев және т.б.

Әсіресе, Каскад ГЭС 1996 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі тағдырында басқарушы директор болған Мұқаев Болат Уалиханұлының атқарған еңбегіне тоқталғымыз келеді. Кәсіпорынды төлемдердің өтелмеуі, еңбекақының айлар бойы төленбеуі және қаржыландыру тапшылығы кезеңінде аса ауыр кезеңде басқаруды қолға алған ол Каскад ГЭС-іне жаңа өмір демін берді. Жоғары кәсіби энергетик, ұстанымы берік және талапшыл, бірақ әділ басшы, ол кәсіпорын ұжымын еліктіріп, кәсіпорынның бас көтеруіне сенімділікті оята білді.

Бүгінгі таңда Каскад ГЭС - қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, қазірде бұл аса маңызды, энергетикалық мәселелерді тиімді шешудің, қалпына келетін табиғи қорларды пайдаланудың жарқын үлгісі болып табылатын ерекше өндіріс.

2018-08-25 101007

Қадірлі жасқа жеткен және соған байланысты болған өзгерістер мен шығындарға қарамастан (2000ж. Каскад ГЭС қуаты 47,7 МВт болды, қазір 46,9 МВт) Каскад ГЭС Алматы қ. энергия жүйесінің сенімді буыны ретіндегі жұмысын алдағы уақытта да жалғастыра береді. Өз ісіне адал, жоғары кәсіби ұжым оның кепілі.