Каскад ГЭС 70 жылдық мерейтойы

2018 жылы 9 тамызда «Казахэнерго» құрамындағы кәсіпорын ретінде Каскад ГЭС-інің құрылғанына 70 жыл толу мерейтойы атап өтілді. Жоғырыда аталған Энергетикалық кешен атауы уақыт өте бірнеше рет өзгерді («Алма-АтаЭнерго» РУЭХ, «АПК» ЖАҚ, «АлЭС» АҚ), алайда Каскад ГЭС, оның маңызды құрамдасы ретінде, әрдайым қаланы электр энергиясымен қамтамасыз етуге өзінің маңызды, нақты айтсақ, баға жетпес үлесін қосып келді. Бұл әсіресе соғыс жылдары және соғыстан кейінгі кезеңде айқын көрініс тапты, осы уақытта Каскад ГЭС-інің өндірісі қаланың электр энергиясына деген барлық қажеттігінің 50-60% өтеп отырды.

 2018-08-24 073455

Каскад ГЭС ұжымын және өндіріс ардагерлерін жан – жақтан келген қонақтар жылы лебіз білдіріп, құттықтап жатты. Шын жүректен айтылған құттықтау сөздерінде «Самұрық –Қазына» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры С.С.Тютебаев, ҚЭҚ ардагерлер кеңесінің Төрағасы С.С.Нұрпеисов, «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары А.А.Аргинбаева, «АлЭС» АҚ Бас инженерінің орынбасары В.Г.Шмелев және басқа да кәсіби әріптестер, қонақтар Каскад ГЭС–інің қызметіне жоғары баға берді, ұжымына алғыс білдіріп жатты.

2018-08-24 073509

Гидротехникалық құрылыстың, ең бастысы - ҮАӨ бөгетінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында түрлі жылдарда бірлесе жүргізген жауапты жұмыстарды орындау кезіндегі Каскад ГЭС - мен қалыптасқан ынтымақтастық қарым –қатынасы жайлы жылы сөздер айтқан «Гидроспецстрой» АҚ Президенті В.Трашин де жалпы құттықтауларға қосылды.

 2018-08-24 073519

Жалпы еліміз бен экономика үшін ауыр, сындарлы 1990 жылдардан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңде кәсіпорынның сақталуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан және құрмет пен абыройлы беделге ие, қазіргі уақытта құрметті демалыстағы бұрынғы басқарушы директор Б.У.Мұқаев пен Каскад ГЭС-інің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің бастығы Б.Г.Кашин өздерінің құттықтау сөздерінде Каскад ГЭС-не одан әрі сенімді әрі апатсыз жұмыс істеуді, ал кәсіпорын ұжымына зор денсаулық пен мол табыс тіледі.

Құттықтаулардан кейін адал, көп жылғы еңбегімен танылған беделді қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. «ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі» атағы «Автоматика, өлшеу және байланыс» цехының бастығы Сергей Виницкийге, ал «ҚЭҚ құрметті энергетигі» атағы ауысым бастығы Сергей Линник пен Электр машиналар цехы бастығының орынбасары Серік Тоқтарбаевқа берілді. «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасымен тағы екі жұмысшы - гидротехникалық цех су босату моторисі Людмила Чехова және Электр машина цехының жетекші инженері Бауыржан Жақсылықов марапатталды.

 

2018-08-24 073531

Аталған мерекелік шара қызметкерлер, кәсіпорын ардагерлері мен құттықтаулар мен естеліктер айтқан қонақтардың қатысуымен өткен шағын фуршетпен аяқталды

 2018-08-24 073541

«Каскад ГЭС» өндірістік департаментінің басқарушы директоры Б.А.Сабыркулов өзінің қорытынды сөзінде әріптестерін және қонақтарды құттықтап, алғыс білдірді, сонымен қатар, қонақтар кәсіпорынның тарихы туралы өте құнды деректер айтқан болса, Каскад ГЭС ұжымының бүгіндегі жұмысы, оның тыныс тіршілігі мен қызметкерлері жайлы арнайы дайындалған фильмді тамашалауды ұсынды. Осыдан кейін Каскад ГЭС-і ұжымының өмірі мен қызметі туралы баяндайтын шағын фотофильм көрсетілді.

2018-08-24 073553

2018-08-24 073604