Энергетикада жаңа шаңырақ құрылды

2018-08-22 063152

Осы романтикалық оқиға 2017 жылдың қыркүйегінде 2-ЖЭО экономикалық бөлімінің басшысы Бақытжан Тоқшараевтың телефон қоңырауынан басталды, ол жастардың танысуына себепші болды.

- 2017 жылдың 24-ші қыркүйегінде біз

алғаш рет кездестік. Мен оны ерекше толқумен күттім. Күзгі жексенбілік

кешке болатын, біз жанға жайлы кофеханада кездесеміз деп шештік. Алғашқы кездесуіміз жақсы, қызықты

өтті. Сондай тамаша кештен кейін біз кездесіп тұратын болдық, - дейді Айжан Жаңысбаева, «АлЭС» АҚ Еңбек және еңбекақы департаментінің бас маманы.

         - Өмірлік құндылықтарымыз, ұстанымдарымыз, көзқарастырымыз, жоспарларымыз – осының барлығы өте ұқсас, ортақ екен, - деп әңгімені жалғастырады Шыңғыс Сәлімов, 2-ЖЭО экономикалық бөлімінің жетекші экономисі. – Екеуіміз де жақсы көркем фильмдерді ұнататын болып шықтық. Тіпті киноға жалғыз баруымыз да ұқсайды екен. Сенбідің кешінде бір кинотеатрға жалғыз барып тұрыппыз. Бір кофені ұнатамыз. Сондықтан алты ай достығымыздан кейін отбасын құру шешімін қабылдадық. 2018 жылдың 21 шілдесінде үйлену тойымыздың салтанатты кеші өтті.

Жаз – тойлар кезеңі. Үстіміздегі жылы энергетиктер арасында жас отаудың шаңырақ көтергені қуантарлық жаңалық. Отбасылық өмір жастарымызға  жеке өмір мен кәсіби саладағы жаңа жетістіктерге жетелейтін күш пен тірек болады деген сенімдеміз, деп құттықтайды жас отбасын жолдастары, әріптестері, туыстары. Шыңғыс және Айжан, бақытты болыңыздар!