Каскад ГЭС: 70 жылдық мерейтойы қарсаңында

2018-07-24 063555

2018 жыл – бұл Каскад ГЭС үшін ерекше жыл. Каскад ГЭС-ті Үлкен Алматы өзеніне салу сонау 1920 жылы ГОЭЛРО жоспарымен қарастырылған болатын.

Ұлы Отан соғысы басталғанда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті КСРО-ның еуропалық бөлігінен көшірілген зауыттар мен кәсіпорындарды электр энергиямен қамтамасыз ету үшін Үлкен Алматы өзеніне су электр станцияларының каскадын салу туралы шешім қабылдады.

Жобалау және дайындық жұмыстары 1942 жылы "Гидропроект" институтының Ленинградтық бөлімшесімен басталды, ал 1943 жылдың сәуірінен бастап алғашқы электр станцияларының құрылысы басталды.

Механикалар аз болғандықтан ауыр жұмыстардың көпшілігі қолмен жасалды. Алма-Ата ГЭС Каскадының құрылысын тамаша ұйымдастырушы, маман-құрылысшы, талапшыл және қайырымды - Жәлел ЕсенқұлұлыБайғысиев басқарды.

2018-07-24 063606

Жұмыстың ауыр жағдайларында атқарылған еңбек 1944 жылдың сәуірінде болашақ каскадтың тұңғышы 11-ГЭС-ті пайдалануға мүмкіндік берді. Осы жылдың 5 және 17 қыркүйегінде 5-ГЭС пен 9-ГЭС қалаға электр тоғын берді. 1945 жылы 10-ГЭС пайдалануға берілді, ал 1946 жылы 6-ГЭС мен 7-ГЭС құрылысы аяқталды. 1948 жылдың наурызында 8-ГЭС іске қосылды. 6,7,8-ГЭС-теріне осы күнге дейін пайдалануда жүрген "Lefel" фирмасының (Дженерал электрик, АҚШ) гидроагрегаттары орнатылған!

          "Казахэнерго" құрамындағы пайдалану кәсіпорны ретінде Каскад ГЭС-тің құрылған күні ресми түрде 1948 жылдың 9 желтоқсаны болып қабылданды.  

1942-1943 жылдары республиканың астанасы еліміздің орталығынан көшірілген қорғаныс кәсіпорындарын қабылдады. Алма-Ата жеңіске өз үлесін қосу үшін Үлкен Алматы өзеніндегі Каскад су электр станцияларының құрылысын бастау туралы шешім қабылдады. Құрылыс – халық құрылысы болып жарияланды.

Каскад құрылысын 1943 жылдың сәуірінен бастап ауыр еңбек жағдайында, күндіз-түні, мардымсыз тамақпен алты мың адам салған. Аласапыран соғыста жүрген жерлестеріміз-панфиловшылардан: "Cіздердің ГЭС құрылысындағы жанкешті еңбектеріңіз табиғаттың ғаламат күшін тездетіп еңсеріп, ортақ ісіміз – фашизмге күйрете соққы беруге сүбелі үлесін қосатынына сенімдіміз", - деген рух көтеретін хабарлама келгені жайлы журналист А. Володаев "Көк найзағай" мақаласында сөз етті (07.01.1981 жылғы №4 ("Огни Алатау" газеті).

2018-07-24 063619

   

Электр станциялар каскадының бірінші кезегін құру энергия жүйесіндегі электр энергиясының тапшылығын жойды. Сонымен бірге Үлкен Алматы өзенінің су қорларын пайдалану бойынша жұмыстар жалғасты. 1953 жылдың қазанында осы уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған "Ансальдо Сан-Джиорджио" фирмасының үш итальяндық агрегаттарымен «Озерная» 1-ГЭС іске қосылды. Айта кететін жәйт, 1-ГЭС бұрыңғы КСРО бойынша алғанда ең жоғарғы ағынды су электр станциясы болып келеді (Н=573м).

1959 жылдың шілде айында 2-ГЭС-ті іске қосқанда Үлкен Алматы шатқалы су ресурстарының энергия әлеуетін пайдаланатын гидростанциялардың құрылысы аяқталды, ал 1960 жылы Каскад ГЭС-тің соңғы станциясы Талғар ГЭС іске қосылды.

2018-07-24 063634

Алматы ГЭС Каскады қуаты жағынан қарағанда үлкен болып келмесе де қолданыстағы түрлі гидротехникалық құрылыстардың шын мәнінде мұражайы болып табылады – атап айтқанда каналдар, қысымды металл құбырлары, тұндырғыштар, қоқысты ұстайтын торлары бар қысымды бассейндер және металл торлары арқылы өтетін сулы су тоғаны бар тирольск үлгісіндегі бөгеттер, қысымды тоннельдер, дюкерлер және т. б. Айта кететін жәйт, соңғы 10-ГЭС пен 11-ГЭС-тің ағаштан жасалған қысымды құбырлары тек 1997-1998 жжылдары ғана болат құбырларға ауыстырылды!

1950-1960 ж.ж. аралығында Каскад ГЭС электр станцияларымен электр энергиясын өндіру Алматы энергожүйесінің жалпы балансында 50 – 60 % құрады. Қазіргі таңда жыл сайынғы электр энергиясын өндіретін көлемі "АлЭС" АҚ өндіретін жалпы көлемнің 5-6 %-нен аспайды. Кәсіпорын іске қосылғалы осы уақытқа дейін 14,5 млрд кВтч электр энергиясы өндірілген, бұл Алматы қаласы мен Алматы өңірінің қажеттігін үш жыл бойы жабумен тең келеді.

Каскад ГЭС арзан электр энергиясын өндіреді және Алматы қаласының оңтүстік бөлігін сумен қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ энергожүйенің ыдырауына, жүйеаралық байланысты жоғалтуға, энергия көздерінің толық сөнуіне байланысты жүйелік авариялар кезінде жақын маңдағы жылу электр станциялардың жеке мұқтаждықтары үшін электр энергиясын беруді қамтамасыз ететін өздігінен кері бұрылатын мүмкіндікке ие.

2018-07-24 063645

Бүгін міндетті түрде кәсіпорынның бастауында тұрған, осы күнге дейін, өздерінің ерлікке толы еңбегімен, бірегей жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз еткен адамдарды еске алу қажет. Кәсіпорын жұмысын бастаған және қазір жанымызда жоқ адамдар мәңгі есімізде қалады. Олар: И.Я. Воробьев, П.А. Левин, Л.И. Нестерова, В.Н. Никитин, В.Ф. Круглов, В.И. Михайлов, О.А. Костенкова, О.Т. Обыденная, М.Л.Розенблит, Г.А. Долгополов, А.С. Джуманов, С.С. Семенов, А.Ж.Коршунов, Н.П. Рассказов, Н.И. Белида, Б.И. Лапшин, Л.И. Буряков, О.Ф. Голушко, А.С.Мальцев, Ю.М. Чуркин, Г.Ю. Бородин, Н.А. Саттарова, А.Я. Даньков, А.П. Шипошин, Б.У. Мукаев және басқалар.

Осы уақытқа дейін аман-есен және зейнеткерлік демалыста, тірі куәгерлер мен құрылыстың қатысушылары, Каскад ГЭС қалыптасу және дамуында, кәсіпорын ардагерлерінің еңбегі мен қосқан үлесін аса бағалау керек. Бұл: М.Я. Охрименко, З.Л. Плотницкая, Н.Т. Капитаненко, В.П.Чеснаков, Н.А. Капитаненко, Б.Ж. Узденов, В.И. Харченко, С.Ж.Семенов, О.В. Семенова.

1943 жылы Каскад алғашқы станцияларының құрылысында, әскери бөлімшелер құрамында 19 жасар бала, Алматы ГЭС Каскадының бұрыңғы директоры Болат Уалиханович Мукаевтың әкесі Уалихан Мукаев қатысты.

2018-07-24 063656

Әсіресе Растоскуев Борис Александровичтің тағдыры айтарлықтай. 1944 жылдың маусым айында Б.А. Растоскуев Өскемен ГЭСқұрылысында жұмыс істей отырып, техникалық көмек көрсету үшін, Казгидроэнергострой басшылығымен Алматы Каскад ГЭС құрылысына іссапарға жіберілді.

Іссапар он жылға созылды. Прораб болып бастаған, аға прораб, содан кейін құрылыс учаскесінің бастығы, ӨТБ бастығы, 1947-1952 жылдар аралығында жұмыс істеп тұрған Каскад су электр станцияларының бас инженері болды.

Өзінің "Красноярдағы ГЭС: адамдар мен жұмыс" кітабында Б.А. Растоскуев былай деп жазды: «Алма-Ата энергетикасын, жасаған адамдардың арқасында, рекордтық қысқа мерзімде, аз қуатты- дизельдік турбинадан әр алуан профильдік электр станциялардың кешеніне дейінгі, үлкен арақашықтықты жапқан, халық шаруашылығының күрделі бөлімшесі болып кеткен, қызметінде электротехника және электрониканың соңғы жетістіктері болды. «Көп күші бар электр тоғын» сыйлаған, астаналық энергетиканы алғаш жүріп өтушілердің арасында Н.М.Макаров, С.С. Набоко, И.В. Файерман, А.О. Арыстанов, Р.М. Саботаев, Б.А. Растоскуев, Г.Х. Хайрулиннің және басқа да көптеген есімдер мәңгіге қалады.

Инженер–гидроэнергетиктің риясыз жұмысы және үлкен тәжірибесі, 1955 жылы Б.А. Растоскуевтің әлемдегі ұлы Красноярдағы ГЭС құрылысына жіберілгеніне ықпал етті. Ол Енисейдегі бұл су электр станциясына отыз жылдан астам уақытын арнапты, алдымен салынып жатқан станцияның дирекциясының басшысы ретінде, ал 1967 жыл мен 1989 жылдар аралығында Красноярдағы ГЭС ауыспайтын директоры болды.

Елдің гидроэнергетикасына қосқан үлесі және еңбек ерлігі үшін Б.А.Растоскуевқа Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек ері атағы, РСФСР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО-ның Министрлер Кеңесінің сыйлығы тағайындалды, КСРО Құрметті Энергетигі атағы берілді.

Сонымен ұжым өзінің мерейтойына немен келеді? Соңғы үш онжылдықта кәсіпорын ұжымы, электр энергетика саласының қайта құрылымдауына байланысты, бірқатар объективті қиындықтарға қарамастан, генерациялайтын қуаттарды тұрақты сенімді пайдаланудың жай-күйін және жыл сайынғы электр энергиясын өндірудің тұрақты деңгейіне жетті.

2018-07-24 063712

Бұл, өндірістің тәжірибесі мол, қазіргі ардагерлердің арқасында мүмкін болды, адалдығы және бүгінгі күнге дейін, энергетиктердің жас ұрпақтары үшін жарқын үлгі болып келеді. В.В. Войнов, О.В. Чеснаков, С.И. Радченко, С. М. Линник, А.В. Кулишов, С.В. Виницкий, С.В. Киселев және басқалар кәсіпорында жиырма жылдан астам жұмыс істеп, өз білімдерін ары қарай беріп келеді. Н.С. Прянишников, В.Н. Долгалев, Т.В. Мироненко, Н.Г.Часовникова, С.В. Васильева, А.В. Виницкая, Г.П. Кулишова, С.А.Саттаров, А.А. Колесников, А.В. Кулишов, С.А. Субботин, Курбатова Л.В., Слямбаева Ж.Ж. және басқалары 10-15 жыл бойы белсенді және жемісті еңбек етуде.

Каскад ГЭС үшін ұрпақтар сабақтастығы тән, өндіріске балалар мен немерелер, өз әкелердің үздік дәстүрлерін атқаруды жалғастыруда. Бұл Поповтардың, Чеснаковтардың, Узденовтардың және басқа да әулеттері.

Бүгін Каскад ГЭС – қолдану аясында, жаңартылатын табиғи ресурстар мақсатында, энергетикалық міндеттерді тиімді шешу үлгісі болып қызмет ететін, әсіресе қазір өзекті болып келетін, қоршаған ортаға зиянды әсер келтірмейтін, қолданыстағы бірегей нысан.

Өзінің қадірлі жасына және осыған байланысты кез-келген жағдайдағы өзгерістер мен кейбір шығындарға қарамастан (2000 ж. Каскад ГЭС орнатылған қуаты 47,7 МВт, қазір 43,7 МВт), қазір Каскад ГЭС – Алматы қаласының энергожүйесіндегі сенімді буыны болып табылады. Оған басты себеп – өз ісін білетін және сүйетін, жоғары кәсіби деңгейдегі ұжым.