Парламент Мәжілісінің депутаты 2-ЖЭО-ға барып қайтты

2018-07-11 072440

2018 жылдың 9-шілдесінде ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова 2-ЖЭО, «Энергожөндеу» ӨЖК, ОҚжТО еңбек ұжымымен кездесті. Жұмыс бабындағы кездесуде Ирина Владимировна өзі ұсынып жүрген әлеуметтік бастамалар, қаржы және бюджет бойынша Комитеттегі жұмысы жайлы баяндап берді.

Әлеуметтік тақырыптар 2-ЖЭО жұмысшыларын да қызықтырды. Депутатқа көптеген сұрақтар қойылды. Сөйтіп, 2-ЖЭО электр цехының инженері Мирас Қияков тұрғын-үй мәселесін қозғады. Ол «7-20-25» ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алған кезде бастапқы жарна ретінде жастар өздерінің зейнетақы аударымдарын пайдалануды ұсынды.

2018-07-11 072454

Станция жұмысшылары зейнатақы аударымдары туралы, зейнатақы қорлары туралы, мектептегі үштілділік туралы, жоғарғы оқу орындарындағы өзін-өзі басқару туралы және т.б. сұрақтарды қозғады. Ирина Смирнова жұмыс бабымен өткен кездесуден кейін қойылған сұрақтар бойынша депутаттық сауалдар дайындап, барлықтарына толық жауап қайтаратынына сендірді. Депутат үнемі қарым-қатынасқа дайын екенін айтты.

2018-07-11 072507

«АлЭС» АҚ ұжымы Мәжіліс депутатына өткізілген кездесу үшін алғысын білдірді.

2018-07-11 072521