«АлЭС» АҚ бақылау аудитінен табысты өтті

«Алматы электр станциялары» АҚ ISO 9001 - сапа менеджменті, ISO 14001 - экологиялық менеджмент, ISO 50001 энергия менеджмент жүйесі, OHSAS 18001 денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі салаларындағы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігі сертификаттарының қолданысын растау мақсатында екінші қадағалау аудитінен өтті.

Сыртқы аудит, жалпы алғанда, біріктірілген менеджмент жүйесі деңгейінің өсуін белгілеген ірі халықаралық сертификаттау жөніндегі органдардың бірі «TUV NORD Bulgarien» өкілдерімен өткізілді.