«АлЭС» АҚ: Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын талқылау

2018 жылдың 11-18 қаңтарында «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Отынды қабылдау және түсіру орталығы, «Энергожөндеу» өндірістік – жөндеу кәсіпорны, Каскад ГЭС, Қапшағай ГЭС департаменттерінің және Бас кеңсесінің еңбек ұжымдарында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауымен таныстыру мақсатында жиналыстар болып өтті.

 

Департаменттердің басқарушы директорлары, Басқарма басшылары аталған жиналыстарда баяндама жасады. Талқылауға компанияның барлық қызметкерлері қатысты. Өткізілген жиналыстардың қорытындысы бойынша

Президент Н.Ә.Назарбаевтың белгілеген он міндетін шешуге күш жұмылдыру қажеттігі баса айтылды.