Энергетик күніндегі марапаттаулар

2018 жылы 21 желтоқсанда Энергетик күні кәсіби мереке қарсаңында «Алматы электр станциялары» АҚ 2018 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерді марапаттау салтанаты болып өтті. Өздерінің кәсібилігі, жауапкершілігі, мамандығына деген адалдығы үшін 90 үздік қызметкер ведомстволық және салалық наградалармен марапатталды.

- Біз көппіз, барлығымыз да игі істің басында иық тіресіп, білек сыбанып, еңбек етіп жүрген үлкен ұжымның бөлшегіміз. Бірлескен жұмысымыздың мақсаты - жалпы ортақ мүдде, нәтижелі әрі сапалы нәтиже. Біз қала тұрғындары тіршілігінің барлық саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін жарық пен жылу сыйлаймыз. Кәсібилік, табандылық пен шығармашылықтың арқасында белгілеген міндеттердің оңтайлы шешімін тауып, ең батыл мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз, - деді әріптестеріне арналған өз сөзінде Басқарма Төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов.

 

Қазақстан Электрэнергетикалық қауымдастығының Энергетик ардагерлер кеңесінің төрағасы Советхан Сейткалиұлы Нұрпеисов Диспечерлік басқармасы режимдер бөлімінің бастығы Марина Бондаренкоға, 1-ЖЭО Қазандық цехының бастығы Дәурен Күліпбаевқа, 2-ЖЭО жөндеулерді дайындау цехы жөндеулер қызметінің бастығы Ермек Байғараевқа, «Энергожөндеу» ӨЖК металдар және дәнекерлеу қызметінің бастығы Юрий Шихановқа «ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі» жоғары атағы мен төс белгісін табыстады.

 

«ҚЭҚ. Энергетика ардагері» Құрметті атағы ДБ аға диспечері Евгений Нестёркинге, Қапшағай ГЭС бас инженері Максим Мамыринге, 3-ЖЭО басқарушы директордың қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Марат Әмірге, «Энергожөндеу» ӨЖК жабдықтарды жөндеу жөніндегі учаске бастығы Мұрат Үндемесовке берілді. «ҚЭҚ Құрмет грамотасы» 7 қызметкерге берілді. ҚР ЭМ «Енбек ардагері» медалімен кәсіподақ төрағасы Валерий Ситдиков, «Энергожөндеу» ӨЖК 2-ЭЖЖЦ қазандық жабдығын жөндеу учаскесінің шебері Жастлек Масабаев наградталды.

 

ТМД электр энергетикалық кеңесінің еңбегі сіңірген жоғары атағы 3-ЖЭО бас инженері Виктор Безрукке тапсырылды.