Алматы өңірінде күн және жел электр станциялары іске қосылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы қаласы және Алматы облысында жаңартылатын энергия көздерінің екі жаңа обьектісі іске қосылды. 2018 жылы 30 қарашада «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймақ аумағында күн және жел электр станцияларының ашылу салтанаты өтті.

- Қытай тарапы Алматы қаласындағы күн электр станциясы мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Нұрлы ауылында жел электр станцияларын орнатып, оларды ақысыз негізде қазақстан тарапының иелігіне тапсырды. Өз кезегінде «Самұрық-Энерго» АҚ құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық жағдайларды жасады, атап айтсақ: құрылыс алаңдарын сумен, электрмен қамтамасыз етті, трассадан құрылыс алаңына қарай жол тартты, сондай ақ қытай серіктестеріне құжаттарды рәсімдеу және т.б. тиісті көмегін көрсетті.

Мемлекеттер арасында орнаған «жасыл көпір» ғылыми - техникалық әлеуетті дамытып қана қоймай, ЖЭК (жаңартылатын энергия көздерін) пайдалану саласында тәжірибемен алмасуға, сонымен қатар Қазақстанда ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізуге, «жасыл» энергетика саласының мамандарын оқыту мен дайындауға мол мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті «Самұрық –Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Жоламанов.

- 72 сағаттық кешенді сынақтар мен байқаулардың нәтижесінде күн және жел станциялары пайдалануға толықтай дайын екендігі анықталды. Күн электр станциясының қуаты - 1 МВт, жел электр станциясының қуаты - 5 МВт. Қытайдың ірі мемлекеттік инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын «CITIC Construction Co, Ltd» компаниясы аталған обьектілер құрылысының бас мердігері болып табылады, - деді станцияны іске қосу салтанатына қатысқан Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары Серік Қалиев.

1 күн электр станциясының құрылысы 2017 жылы желтоқсан айында басталып, 2018 жылы қазанда аяқталды. Ал жел станциясының құрылысы 2018 жылы наурыз бен қарашада айларында жүргізілді. 2018 жылдың 10 айы ішінде аталған обьектілерде өндірілген электр энергиясы 134,4 млн.кВтсағ құрады.