АлЭС: тиімді ішкі аудит

2011 жылдан бастап компанияда ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 және 2015 жылы ISO 50001 халықаралық стандарттары енгізілді. Жыл сайын кестеге сәйкес өндірістік департаменттерде және бас кеңседе ішкі аудитжүргізіледі. «АлЭС» АҚ 56 қызметкерден тұратын ішкі сертификаты бар аудиторлартобыжұмыс істейді. 2017 жылдан бастап тоғыспалы ішкі аудит жүргізілді, яғни әрбір аудитор өндірістік департаменттердегі және бас кеңседегі тексеруге қатысады.
2018 жылдың мамыр айынан бастап қыркүйек айын қамтитын мерзімде «АлЭС» АҚ-ның барлық өндірістік департаменттерінде және бас кеңсесінде тоғыспалы ішкі аудит өткізілді.

 2018-11-27 224711

2018 жылдың 21 қарашасында «АлЭС» АҚ ішкі аудитқорытындысы бойынша соңғы қорытынды кеңес өтті. ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарының орындалуын растайтын қорытынды жасалды. Жиналыста жаңадан қабылданған қызметкерлерді және ішкі аудиторларды оқыту мәселесін талқылады. Ішкі аудиторлардың мәртебесін көтеру, аудитор жұмысына жауапты және белсенді қызметкерлерді тарту қажеттілігі атап өтілді.2018 жылы желтоқсанда ішкі аудиторларды оқыту жоспарланған. 

2018-11-27 224730

Ішкі аудиторлар - «АлЭС» АҚ интеграцияланған менеджмент жүйесін дамытуды жетілдіру бойынша бөлімшелердің негізгі көмекшілері, ол келешекте сыртқы сертификаттау аудитінде көрініс табады.

2018-11-27 224741