1 –ЖЭО жұмыскерлерінің «Қыс -2017» Республикалық командалық- штабтық оқуға қатысуы туралы

2017 жылы 10 қарашада 1-ЖЭО станциясында «Қыс – 2017» Республикалық командалық – штабтық оқулар шеңберінде Алматы қ. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментімен тактикалық – арнайы оқулар жүргізілді. 1-ЖЭО жұмыскерлері резервтегі қазанды іске қосу, газ құбырындағы апат жағдайында авариялық – қалпына келтіру жұмыстарын орындау, өрт сөндіру, қазандық цехының жабынынан зардап шеккендерді құтқару және эвакуациялау, сонымен бірге көмірдің өздігінен тұтануын жою іс қимылдарына машықтануға қатысты.

2017-11-23 074732

Станциядағы «Қыс - 2017» оқуларының негізгі міндеті: тіршілікті қамтамасыз етуші обьектілер жұмысының бұзылуы жағдайында азаматтық қорғаныс органдары мен күштерінің берлескен жұмысын жетілдіру. 1-ЖЭО жұмыскерлері қысқы мерзімдегі төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету, оны жою міндеттерін орындауда жоғары дайындық деңгейін көрсетті, - деп атап өтті Алматы қ. бойынша ТЖ департаментінің бастығы, өрт сөндіру қызметінің  генерал-майоры Серік Аубакиров.