11 қараша Халықаралық энергия үнемдеу күні

Осы аталған мерекені белгілеу туралы шешім 2008 жылы сәуірде Қазақстанда өткен SPARE үйлестірушілерінің халықаралық кеңесінде қабылданды. Халықаралық энергия үнемдеу күнінде адамдарға энергоресурстарды тиімді пайдалану маңызы туралы ақпараттандыруды мақсат ететін іс шаралар өткізіледі.

 2017-11-23 074522

2017 жылы 10 қарашада Астанада табиғат ресурстарын оңтайлы пайдалану және ВИЭ дамыту мәселелері талқыланған Халықаралық энергия үнемдеу күніне арналған ақпараттық семинар өтті. Ақпараттық семинар  министрліктер,  ұлттық  компаниялар және холдингтердің өкілдеріне арналған диалог алаңына арналды. «Қазақстан энергоаудиторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі   «Energy Partner» ЖШС,  «Kazenergy» қауымдастығы мен «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен осы аталған кездесуге бастамашылық жасады. 

Семинардың барысында  энергия үнемдеу және энерго тиімділікті арттыру саласындағы айтулы жетістіктері үшін «Алматы электр станциялары» АҚ   және «Екібастұз - 2»  ресми түрде наградталды. 

2017-11-23 074531

Осы саладағы мақтанарлық нақты жетістіктеріміз баршылық! Солар туралы толығырақ «Деловой Казахстан» газетіндегі «+ миллиард за счет энергоэффективности» мақаласынан (№ 41-42, 2017ж. 3 қараша) немесе http://www.ales.kz/ru/my-v-smi/86-2014-god-4/799-milliard-za-schet-energoeffektivnosti сайтынын таныса аласыз.