АлЭС – тің жарқын жұлдыздары

«АлЭС» АҚ 2017 жылы 9 қарашада «АлЭС – тің жарқын жұлдыздары» атты көңілділер мен тапқырлар клубының кеші өтті. Әділ қазылар құрамында Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының м.а. А.А.Аргинбаева, Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор Н.Ш.Исабаев, «АлЭС» Кәсіподағы» филиалының төрағасы В.М.Ситдиков, Басқарма Төрағасының кеңесшісі Б.Т. Шоланбаев, қазақ тілінің оқытушысы Сауле ханым болды.

Сегіз команда КВН ойынының классикалық тәсілімен үш тапсырма бойынша күш сынасты: 1. Топтардың сәлемдесуі «Көңілашар»; 2. Жыл оқиғасы «ЭКСПО-2017»; 3. Музыкалық үй тапсырмасы - «I am a Singer».

Көрсеткен өнерлерінің қорытындысы бойынша 1 – орынды 2-ЖЭО ӨД берілді, 2- орын 1-ЖЭО иемденді, ал үшінші жүлделі орын 3-ЖЭО мен «Энергожөндеу» ӨЖК КВН – шыларының қанжығасына байланды.

«Бүгін біз алғаш рет КВН корпоративтік чемпионатын өткіздік. Командалар тартысы өте қызу өтті, өнерлері тартымды болды, тамаша көтеріңкі көңіл күйге бөлендік, - деп бөлісті өз ойымен Қапшағай ГЭС басқарушы директоры Серик Калиев».

«КВН қозғалысы – «АлЭС» АҚ қабылданған корпоративтік әлеуметтік саясат ұтымдылығының және бір дәлелі, - деді өз сөзінде Нұржан Исабаев. – «АлЭС» АҚ өзінің жас мамандарына КВН ойнау, спортпен щұғылдану, қызметтік жоғарылау, кәсіби шыңдалу мүмкіндіктерін кеңінен ұсынады. Біз бүгінгі кештен телегей теңіз жағымды эмоциялар алдық, энергия мен креативтің мол қуатын сезіндік».

Осы аталған байқаудың қорытындысы бойынша 2017 жылдың желтоқсаныңда «Самрук-Энерго» АҚ компаниялар тобының арасында өтетін КВН ойындарында өнер көрсететін «АлЭС» АҚ КВН құрамасы іріктелді.