Техникалық инспекторлар жұмысқа кірісті

ҚР «Еңбек кодексіне» сәйкес 2017 жылы мамыр айында «АлЭС» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңес құрылды. Өндірістік департаменттердің ұжымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңес пен техникалық инспекторлардың міндеттері мен қызметі туралы талқылаулар өтті.

Техникалық инспекторлар тиісті білім мен біліктілікті игерген, өздерінің іскерлік сапаларының арқасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізуге қабілетті кәсіподақ мүшелері, кәсіподақ белсенділері мен білікті мамандар арасынан сайланды. Олар өндірістік департаменттердің кәсіподақ комитеттерімен бекітілді.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде өндірістік кеңес туралы қағидаға» сәйкес жүктелген міндеттерді орындаулары үшін Кеңес мүшелері үш жылда бір реттен кем болмайтын мерзімде білім беретін тиісті ұйымдарда жұмыс беруші есебінен біліктілікті арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан өтіп, білімдерін тексертіп тұруға міндетті.

2017-11-10 073810

2017 жылдың 30 қазаны мен 03 қарашасы аралығында «АлЭС» АҚ техникалық инспекторлары Алматы қаласы «Successful Development Company» ЖШС оқыту орталығында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде оқудан өтті.

Техникалық инспекторларымызды курсты табысты аяқтап, сертификат алуларымен құттықтаймыз! Компания игілігі үшін жасаған еңбектеріңіз табысты әрі жемісті болсын!