Жұмыс сапарымен

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алматы 2-ЖЭО газға ауыстыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, халықаралық тәжірибемен танысу мақсатында 2017 жылы  3 қарашада Қазан қаласындағы «Татэнерго» АҚ филиалы  2- ЖЭО (РФ Татарстан Республикасы) танысу ұйымдастырылды. Делегация құрамында «Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі  С.Түйтебаев, «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Мұхамед-Рахимов, «Стройиндустрия» ЖШС Е.Паненкова, General Electric компаниясының сату жөніндегі  менеджері А.Березкин болды. 

2017-11-10 073604

Осы сапар Қазан 2-ЖЭО әріптестерімен үздік технологияларды, энергия сақтаушы жаңа технологияларды енгізу, энерготиімділікті арттыру және т.б. мәселелер бойынша тәжірибемен алмасу шеңберінде өтті. 

«Әсіресе, Алматы 2-ЖЭО қайта құру ұсыныстарын дайындау үшін Қазан 2-ЖЭО ПГУ-220 МВТ және «General Electric» компаниясының газды турбиналық PG 6111FA құрылғысының құрылысымен танысу ерекше қызуғышылық туындатты.

Қазан 2-ЖЭО директоры Р.Галиуллин бізді газды турбиналық құрылғы жұмысымен егжей – тегжейлі таныстырды»,- деп пікір бөлісті Серік Түйтебаев.

«Осындай құрылғы Грузияда 9 балды сейсмобелсенділік жағдайында қолданылады», - деді Алексей Березкин. Станцияның моральді және техникалық тозған активтерін жаңарту өзекті мәселе болып отыр. Компания басшылығы және қазақстан делегациясының өкілдері әрі қарай тәжірибемен алмасу туралы тілектерін білдірді.

Анықтама: «Татэнерго» АҚ филиалы Қазан 2-ЖЭО электр және жылу энергиясын өндіруші ірі кәсіпорын. Қайта құру шеңберінде 2014 жылы парагаз циклы бойынша электр және жылу энергиясын аралас өндіру үшін әр қайсысының қуаты 110 МВт құрайтын екі энергоблок салынды.

Әр энергоблок құрамында «General Electric» фирмасының қуаты 77 МВт PG6111FA газ турбинасын, «ЭМА-Альянс» өндірген Е-114/16-8,1/0,7-535/218 кәдеге жаратушы қазаны және «Силовые Машины» ААҚ («Калуга турбина зауыты» ААҚ) өндірген қуаты 26,4/36,4 МВт Т-26/36-7,5/0,12 үлгісіндегі бу турбинасы қарастырылған.