Партия рухын күшейтейік

2017 жылы 27 қыркүйекте Алматы облысы Іле ауданы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының 1 кезеңі өтті.

Аталған іс шара облыс мекемелері мен кәсіпорындарының арасынан үздік бастауыш партия ұйымын анықтау үшін өткізілді.

3-ЖЭО «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы «Қоғамдық-саяси шараларды белсенді ұйымдастыру» номинациясы бойынша марапатталды. 3-ЖЭО бастауыш партия ұйымының 205 мүшесі бар. «Осындай байқаулар әр бастауыш ұйымының әлеуетін ашуға көмектеседі, ұжымды біріктіреді және нығайтады», - деді 3-ЖЭО бастауыш партия ұйымының төрағасы Марат Әмир.