1-ЖЭО –ны іске қосу

2017 жылдың 24 қазанында басқарушы директор Ғалым Жаңбыршы мен бас инженер Алексей Кимнің басшылығымен Алматы 
1-ЖЭО – сында станцияның жазғы тоқтатылуынан кейін іске қосу операциялары басталды. Станция жабдықтарында сынамалау жұмыстары жүргізілді. Станцияның тоқтаған уақытында негізгі және қосалқы жабдықтарда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Цех басшылары Д.Кулипбаевтың, М.Сарсембаевтың, А.Розенблиттің, Д.Жаңбыршының басшылығымен негізгі жабдық ескертулерсіз жұмысқа қосылды.

Станцияны іске қосуға жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлері қатысты.

***

Үстіміздегі жылдың 25 қазанында станция кезекті іске қосылудың 82 жылдығын атап өтеді!

Станция ұжымын кезекті іске қосылуымен құттықтаймыз! Апатсыз жұмыс, экономикалық тұрақтылық, жаңа жетістіктер тілейміз!