Қарттарым – асыл қазынам

Алтын күзде Қарттар күнін атап өту жақсы жәстүрге айналды. Бұл - жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Қарияларымыздың қажеттілігінен алшақ қалмай, құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар.

Мерекелік күндері қарттарға барынша құрмет, көшемет, сый – сияпаттар көрсетіліп жатады. «АлЭС» АҚ сондай жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, Алматы қаласы Әуезов ауданының қарттары, мүгедектері, тұрғындарына арнап «Ақ Алтын» мейрамханасында мерекелік түскі дастархан ұйымдастырды және келген қонақтарға 20 азық - түлік кәрзеңкесін табыстады. 

«Бұл мерекенің мақсаты қарттардың, ардагерлердің мұң мұқтажына қоғам назарын аудару. Әрбір отбасы ұрпақтарын үлкендерді ардақтауға, қадірлеуге, қамқорлық жасауға тәрбиелейді. Қарт адамдар еңбекқорлықтың, даналық пен өмірлік тәжірибенің қазынасы. Жастар үшін олардың өмірлік тәжірибесі баға жетпес асыл мұра», - деді кәсіподақ комитетінің төрағасы Валерий Ситдиков.

Аталған шараны «АлЭС» АҚ кәсіподақ ұйымының, «Нұр Отан» партиясының және «Ақ Алтын» мейрамханасы әкімшілігінің қолдауымен «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының белсенділері ұйымдастырды.

Анықтама:Халықаралық қарттар күні - 1 қазан – БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылы 14 желтоқсанда жыл сайын атап өтілетін мереке болып белгіленді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сай бүгінгі күні Қазақстанда жасына байланысты 2,1 млн зейнеткер бар.

Қазақстан Республикасында 110 стационарлы интернат үйлері қызмет етеді. 53 күндізгі стационар жұмыс істейді, ол 3,5 мыңға жуық қария жасындағы адамдарға қызмет көрсетеді. Бүгінде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері 44 мыңға жуық қарттар мен мүгедектерді қызметпен қамтыған. Содан басқа, қарттарға, оның ішінде жалғыз басты және қимылсыз мүгедектерге күндізгі стационарлар мен үйдегі стационарларда сауықтыру – қалпына келтіруге ыңғайлы жағдайлар жасалуда. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет есебінен қарттар мен мүгедектер арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген.

https://www.kt.kz/rus/society/denj_pozhilih_ljudej_otmechaetsja_segodnja_vo_vsem_mire_1153646876.html