«АлЭС» АҚ «Re Energy Kazakhstan 2017» қазақстан көрмесіне қатысты

2017 жылы 24 қазанда Алматы қаласында энергетика және жарық техникасы саласындағы «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық Машинақұрылысы» - Power Kazakhstan 2017 - 16-шы Қазақстан Халықаралық Көрмесі, «Жарықтандыру, Жарықтехникасы, Жарық диодты технологиялар» - Lighting Kazakhstan 2017 7-ші Қазақстан Халықаралық Көрмесі, «Жаңартылатын энергия көздері, Энергия үнемдеу, Энерго тиімділік және ресурс сақтау» - ReEnergy Kazakhstan 7-ші Қазақстан Халықаралық Көрмесі сияқты үш ірі көрменің ашылу салтанаты болып өтті.

Көрме ашылған күні «АлЭС» АҚ бас инженерінің орынбасары Владимир Шмелёв«Алматы электр станциялары» АҚ – Алматы өңірінде жылу және электр энергиясын өндіруші ұйым» деген тақырыпта баяндама жасады.

«Power Kazakhstan жобасы Орталық Азияда электротехника саласында өткізілетін шаралардың ішінде жетекші орынға ие болып, өнеркәсіпшілер мен энергетиктердің кездесетін және іскерлік байланыстар орнататын дәстүрлі орнына айналды. Көрме секторлары өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тікелей тұтынушылардың пайдалануына арналған жабдықтарды, технологияларды және қызметтерді қамтыды. Осы аталған көрмелер экспоненттер саны мен шетелдік компаниялар қызығушылығының жыл сайын тұрақты өсуін көрсете отырып, саладағы жаңа үрдістердің пайда болуына едәуір ықпал етеді. Компаниямыз жыл сайын аталған жобаларға қатысады, нәтижелер бар»,- деді Владимир Шмелёв.

 

Биылғы жылы аталған көрмелерге Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Түркия, Украина, Чех Республикасы және т.б. сияқты әлемнің 13 мемлекетінен 100 – ден астам салалық компаниялар қатысты. Қытай және Чех Республикасының компаниялары көрмеге Ұлттық стендтермен келді.

 

Power Kazakhstan көрмесі Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің; «KEGOC» АҚ Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының; Алматы қ. әкімдігінің (Әкімшілігі); Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының – ҚЭҚ; «Самұрық - Энерго» АҚ; Инженер – энергетиктер одағының; Инжиниринг компаниялары мен академик Ш.Ш.Шокин атындағы «Қазақ энергетика ғылыми – зерттеу институты» АҚ одағының қолдауымен және қатысуымен өткізілуде.