Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті«АлЭС» АҚ жабдықтарының дайындығына тексеру жүргізді және 2017 жылы 18 қазанда «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес энергия өндіруші ұйымдардың 2017-2018 жылғы күзгі–қысқы кезеңге дайын болу паспортын берді. «АлЭС» АҚ электр және жылу энергиясын өндіру бойынша өзінің шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындап келеді.