Алматы энергетика және байланыс университетінің біліктілікті көтеру және қосдипломды білім беру институтына «АлЭС» АҚ қызметкерлерді даярлау бөлімінің оқытушысы Николай Андреевич Мирошник шақырылды. Оның «Бу турбиналарын жөндеу» деп аталатын авторлық курсы қызметкерлерді даярлау бөлімінде 2016 жылдан бері оқытылады.
«Алматы энергетика және байланыс университетінің біліктілікті көтеру және қосдипломды білім беру институтының тыңдаушыларына курс оқу үшін Николай Андреевич Мирошникті шақыртуға бастама көтерген болатынбыз. Осы ойымызды жүзеге асырдық, тыңдаушылардан курстың ұнағаны жайлы лебіздер естідік. Алдағы уақытта «АлЭС» АҚ кәсіби мамандарын қазандар мен турбинаны пайдалану және жөндеу жөніндегі курстар оқыту үшін шақыртуды жоспарлап отырмыз. «АлЭС» АҚ мамандары тәжірибенің қайнар көзі», - деді АЭБУ біліктілікті көтеру және қосдипломды білім беру институты директорының орынбасары Дамир Джексенбинов.
Анықтама: Николай Андреевич Мирошник энергетикадағы еңбек жолын 1964 жылы «Средазэнергоремонт» кәсіпорнында турбина жабдығын жөндеу жөніндегі слесірден бастаған.
1971 жылдан бастап 1978 жылға дейін турбина жабдығын жөндеу шебері, аға шебері болып жұмыс істеді. Өндірістен қол үзбестен Ангрен таугеологиялық техникумын «Қазан және бутурбина құрылғылары» мамандығы бойынша бітіріп, «Техник жылутехник» білігін игерді. 1978 жылдан бастап Алматы ГРЭС (қазіргі 3-ЖЭО) турбина жабдығын жөндеу шебері, аға шебері болып жұмыс істеді. 1998 жылы 3-ЖЭО турбина цехының бастығы болып тағайындалды. 2006 жылдан бастап турбина цехының бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.
Н.А. Мирошник – жоғары санатты маман. Оның біліктілігі басқа да электр станцияларда күрделі мәселелерді шешуде көрсеткен техникалық кәсібилігімен талай дәлелденді.
Николай Андреевич конденсат шығынын екі процентке төмендетуге мүмкіндік берген турбина жабдығының сызбасын қайта құру жөніндегі іс шаралардың жетекшісі және белсенді қатысушысы болды. 3-ЖЭО – ны қайта құру жөніндегі жұмыс басшыларының бірі. Осы аталған қайта құру электр станцияның тиімділігін 10%-ке арттыруды мүмкін етті. Ол градирнялардағы бүріккіш шүмектерді әзірлеу жобасының жетекшісі болды, аталған шүмектерді енгізу электр энергиясы көлемін арттырды, «Fans» градирнясын салу және іске қосу- баптау жұмыстарына қатысты.
Н.А.Мирошник екі мәрте «Үздік өнертапқыш» атанды, ол турбина жабдығының сенімді жұмысын арттыруға бағытталған 20 өнертапқыштық ұсыныстың авторы. Нақты айтқанда, Николай Андреевичтің әзірлеген және енгізген құрылғылары: сантехниканың пластмасс бұйымдарын әзірлеу құрылғысы; К-50-90 турбинасы қалақшаларын кесу құрылғылары; жеткізгіш электр сорғысының консольді май сорғысын қайта құру; турбиналарды азотпен консервациялау үшін турбиналарды жедел босатуға арналған құрылғылар.
Ұзақ және мінсіз жұмысы үшін Николай Андреевич бірнеше мәрте 3-ЖЭО және «АлЭС» АҚ басшылығының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. «Еңбек ардагері» медалінің иегері, «Үздік өнертапқыш», «Кәсібінің үздігі» атақтары бар. 2009ж. бері «ТМД Электр Энергетикалық Кеңесінің еңбегі сіңген энергетигі», «Қазақстан Энергетикалық қауымдастығының еңбегі сіңген энергетигі», «Қазақстан Энергетикалық қауымдастығының энергетика ардагері».
2012 жылдан бері Н.А. Мирошник мол тәжірибесімен бөлісетін «АлЭС» АҚ қызметкерлерді даярлау бөлімінің оқытушысы.