1-ЖЭО: сенбілікке бір кісідей

2017 жылдың 21 қазанында 1- Жылу электр орталығының жұмыскерлері бір кісідей ұйымдасқан түрде жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

 

Сенбіліктің мақсаты – 1-ЖЭО аумағын талап етілетін санитарлық таза күйге келтіріп, қысқы маусымға дайындау.

 

Күздің осы бір жылы күнінде сенбілікке қатысушылар 1-ЖЭО аумағын және жақын маңдағы көшелерді тазартты. Бұл күні ағаш көшеттері отырғызылып, шөп дәндері себілді, станция аумағын тартымды эстетикалық күйге келтіру – бояу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Жиналған қоқысты уақтылы шығару үшін 3 арнайы техника жұмылдырылды», - деді 1-ЖЭО басқарушы директорының орынбасары Алибек Тастанбеков.

 

1-ЖЭО – да станция аумағын жұма сайын тазартудың жақсы дәстүрі қалыптасқан.