Ардагерлерімізді ардақтаймыз

2017 жылдың қазан айында 3 – Жылу электр орталығының (3-ЖЭО) жұмыскерлері қалыптасқан дәстүр бойынша ардагер ақсақал Василий Матвеевич Заецты қарттар күнімен құттықтап, сый сияпат көрсетті.

«Кәсіби де, өмірлік те мол тәжірибе жинақтаған саналы ғұмырыңыз үлкен құныдылық! Сізге зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз. Әр күніңіз жақсылықпен өрнектеліп, жанашыр жақындарыңыздың мейірімімен толықсын», — деп тілек білдірді Надежда Ниденталь, 3-ЖЭО кәсіподақ төрағайымы.

АнықтамаВасилий Матвеевич Заец, Ұлы Отан соғысының ардагері.Энергетика саласындағы еңбек өтілі 28 жыл.

3-ЖЭО – да 1960 жылдан бастап 1988 жылға дейін қызмет еткен. Кезекші слесір, жұмысшы күлші, диірмен, багерлік және қазан машинисі мамандықтарын игерген.

Жемісті еңбегі және адал еңбегі, қол жеткізген жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін басшылық тарапынан Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталған. В.И.Лениннің 100 жылдығына орай мерейтой медалімен (1970ж), «Еңбек ардагері» (1981ж) медалімен марапатталған. Ұлы жеңіс күнінің құрметіне орай ардагер ретінде бірнеше мәрте алғыс хаттар, құрмет грамоталарымен марапатталған. Василий Матвеевичтің «Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» екі медалі, «Еріктілігі мен еркіндігі үшін», «Одырнейсен мен Балтиканы алғаны үшін» поляк медальдары, сонымен қатар еңбегінің марапаты - төс белгілері бар.

2010 жылы «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының ардагер энергетигі» атағымен марапатталған.