Қазақстанның дарынды жастарын дамыту

2017 жылы Ақмола облысы Бурабай елді мекенінде «Самұрық –Қазына» Корпоративтік университетінің бастамасымен «Жас Өркен» бағдарламасы бойынша тәлімгерлер арасында семинар - тренинг ұйымдастырылды.

2017 жылы «Самұрық – Қазақстан» АҚ және «Самұрық – Қазына» Корпоративтік университетінің бірігуімен Қазақстанда алғаш рет ЖОО түлектерінің арасында «Жас Өркен» тағылымдамалық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынатын байқау өтті.

«Жас Өркен» бағдарламасы – «Самұрық – Қазақстан» қорының ЖОО дарынды түлектерін тарту, іріктеу, тағылымдамаға жіберу, оқыту және дамытуға бағытталған бастамасы. Ашықтық және әділдік барлық қатысушыларға ортақ байқаудың негізгі қағидалары.

Байқау үш кезеңде өтті: бірінші кезеңді барлық қатысушылар қашықтықтан, екінші кезеңді – өңірлерде тапсырды, ал үшінші кезең – «Самұрық – Қазына» Корпоративтік университетінде Астана қ. өтті. Нәтижесінде 20 дарынды түлек іріктеуден өтіп, жеңімпаз атанды.

Байқаудың жеңімпаздары «Самұрық – Қазына» Корпоративтік университетінде оқыту курсынан өтіп, Қазақстанның жетекші ұлттық компанияларына тағылымдамаға жіберілді. Бағдарламаға қатысушылар тәжірибелі мамандардың тәлімгерлік етуімен тағылымдамадан өтеді, келешекте кәсіби қызметінде пайдалана алатын жаңа білімдер мен дағдыларды игереді. Келешектің жоспары – тағылымдамадан өткен үздік тағылымгерлерді Қордың портфельдік компанияларына жұмысқа орналастыру.

Кәсіби және өмірлік тәжірибесі мол кейбір мамандардың негізгі жұмыстан басқа, жас мамандарға тәлімгер/ұстаз болуға қабілетті болуын қарастыратын тәлімгерлік мәдениет - қызметкерлерді басқарудың маңызды элементінің бірі. Бір жағынан, мұндай тәсіл жас маманның корпоративтік процестерге анағұрлым шапшаң бейімделуін, екінші жағынан, жалпы алғанда, компания бизнесін жүргізудің сабақтастығын қамтамасыз ете алады. 

Семинар – тренинг бағдарламасында келесі мәселелер қамтылды: тағылымгерді түсіну, бағыттау және қолдау көрсету тәсілдері, оның дамуына қолайлы жағдай туғызу мүмкіндіктері. Болашақ тәлімгерлер коучинг, менторинг және т.б. сияқты тәлімгерлік формаларымен танысты.

«АлЭС» АҚ атынан осы аталған семинарға Техникалық бөлімнің бастығы Қайнарбек Керимкулов қатысты. «Біздің компаниямыз Бағдарлама бойынша қарастырылған тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болған жетекші компаниялардың қатарында. Сондықтан тренинг материалдарының біз үшін маңызы жоғары. Тренинг барысында тәлімгер мен тағылымгердің арасында пайда болуы ықтимал алуан түрлі жағдайлар, басшы мен жұмыскердің арасындағы кері байланыстың маңызы, тәлімгерлер мен олардың шәкірттерінің психотиптері және жас мамандарды тәрбиелеу барысында табысты нәтижеге жетуге ықпал ететін бірқатар басқа да мәселелер қарастырылды» - деп , өз ойымен бөлісті Қайнарбек Керімқұлов.