Өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы жаңа шешімдер

2017 жылдың 5 - 6 қазаны аралығында «Emerson» ЖШС «Өнеркәсіптік автоматизация саласындағы Emerson компаниясының шешімдері» тақырыбында конференция өткізді, «АлЭС» АҚ атынан оған Пайдалану қызметінің бастығы Михаил Решетников пен 2-ЖЭО жылу автоматикасы және өлшеулер цехының бастығы Саябек Тагатов қатысты.

1 – сурет. MVD технологиясын қолдайтын Micro Motion екі сымды кориолисті шығын өлшегіштерге арналған стенд – бұл жаппай шығын мен тығыздықты жоғары дәлдікпен өлшейтін осы үлгідегі алғашқы шығын өлшегіштер.

Конференция шеңберінде «Emerson» компаниясының мамандары БӨАжА қызмет көрсету бойынша заманауи шешімдерді, жаңа сымсыз өлшеу құралдарын, заманауи шығын есептегіштерін, «Овация» бағдарламалық – техникалық кешендегі жаңа технологиялар және т.б. тұсаукесерін жасады.

2 – фото. Деректерді аспаптардан өздік ұйымдастырушы сымсыз WirelessHart™ желісіне беруге арналған Smart Wireless шлюзі қойылған стенд

«Конференция залында біз көрмеге қойылған жаңа жабдықтардың үлгісімен, презентациялық материалдармен таныстық, сұрақтарымызға жауап алдық. Конференцияға қатысу барысында бүгінгі күні өзекті «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына және Индустрия 4.0. енгізу жоспарына сәйкес өндірістің заманауи автоматтандырылуы дәрежесімен, жаңа жоғары технологиялық жабдықтар, әдістер, автоматтандыру тәсілдері мен процестерімен жіті таныстық, өндірісті цифрландырудың жүзеге асқан модельдерін көрдік» - деп өз ойымен бөлісті пайдалану қызметінің бастығы Михаил Решетников.

3 – фото. Қысым мен температураны бақылау аспаптары қойылған стенд. Сымсыз WirelessHART®технологиясымен жабдықталғанRosemount манометрі

Анықтама:Цифрландыру – цифрлы құрылғылардың көмегімен деректерді жинау, жазу және берудің цифрлы тәсіліне көшу, компанияның бизнес моделіне инновациялар енгізу және пайданы арттыру, шығындарды төмендету және өнім құндылығын көтеру мақсатында бүкіл жұмыс барысында технологияларды пайдалану.

Қазіргі уақытта «Алматы электр станциялары» АҚ өндірістік департаменттерінде «Emerson» компаниясының жабдықтары кеңінен қолданылады. Атап айтсақ, «Овация» бағдарламалық – техникалық кешені, OCR 1100 және 3490 контроллерлері, FloBoss 107 шығын контроллері, Метран-150 қысым датчиктері, Метран 961 өлшегіш – реттегіштер, Метран-276-03-Pt 100 кедергі термометрлері және т.б.

4 - фото«Алматы электр станциялары» АҚ және «Emerson» ЖШС өкілдері