Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері басты назарда

2017 жылдың 26 қазанында Астанада еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инспекторлары арасында «ҚР энергетикалық кәсіпорындарындағы еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» семинар- кеңес өтті. «Алматы электр станциялары» АҚ атынан осы шараға Сенімділікті бақылау және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова қатысты.

Семинарда еңбек ұжымдарының өміріндегі қоғамдық бақылаудың, техникалық инспекторлардың ролін арттыру жөніндегі мәселелер талқыланды.

«Семинардың қатысушы ретінде мен өндірістік кеңес пен техникалық инспекторлардың қызметіне, олардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты көптеген сұрақтарға жауап алдым. Біз қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруда өзге ұжымдардың тәжірибесімен таныстық, талдадық», - деп, пікір бөлісті Айсұлу Иржанова.

2017 жылдың мамырында «АлЭС» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құралды. Өндірістік департаменттерде кәсіподақ белсенділері мен білікті жұмыскерлер арасынан 19 техникалық инспектор сайланды. Бүгінгі күні жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алу жөніндегі қоғамдық бақылауды және бірлескен әрекеттерін жүзеге асыру бойынша, көлемді жұмыстар жүргізілуде, Өндірістік кеңес сонымен қатар техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарының еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына тексеру жүргізуді ұйымдастырады.