«АлЭС» АҚ өкілдері Шөкин Шапық Шөкіұлы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

2017 жылдың 24 тамызында Ш.Шөкин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институтында энергетика ғылымының негізін қалаушы Шокин Шапық ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шара академиктің туылған күнінің 105 жылдығына орай ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі, академиктің ұлы Қанат Шөкин, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институтының президенті Абдуллаев Қалық және т.б. қатысты.

2017-08-28 155729

Анықтама: Шөкин Шапық «Қазақтың Ломоносовы» атағына ие болған. «Бес ұл, үш қызы бар жарлы жанұяда дүниеге келдім. Ағайындылардың ішінде ең кенжесі мен болдым. Мен алты жаста болғанымда әкем өкпенің қабынуынан қайтыс болды, - деп жазды өзінің «Өмірдің төрт кезеңі» атты автобиографиялық кітабында.

2017-08-28 155741

Шапық Шөкіұлы бастапқы сауатын 1920 жылдары ауыл балалары мен шаруа жастары мектептерінен ашады. Оқу-тоқуын кейін тәжірибелі мамандарымен танымал көне Қарқаралы педагогикалық техникумында жалғастырады. педагогикалық техникумына оқуға түсу үшін Павлодар қаласынан Қарқаралыға дейін төрт жүз километр жаяу жүріп өткен. Ғылым, білімге деген құштарлығы ерте бастан-ақ байқала бастаған дарынды жасқа жалғыз техникумның жалаң білімі нәр болмаған болуы керек. Ташкенттегі Ортаазиялық инженерлер және ирригация техниктері институтында білім алады. Ал 1934 жылы С.М.Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтының Гидромелиоративтік факультетіне түсіп, оны 1937 жылы тәмамдап шығады. Шапық Шоқыұлы жастайынан қоғам өміріне белсенді араласып, ылғи да қатарының алды бола білген жан. Мысалы, ол Ташкентте оқып жүргенде Ортаазиялық пролетариат студенттер бюросының төраға орынбасары қызметін атқарса, Омбыда оқып жүрген кезінде өзі оқыған қаланың Қазақстандық жерлес студенттер бюросының төрағасы болады. Сондай-ақ ол 1937 жылдан 1939 жылға дейін Қазақ ССР-нің Халықтық жер комитетіндегі Қазақ Республикалық тресі ауыл шаруашылығын электрлендіру жөніндегі бас инженері, 1939 жылы осы трест директорының техника саласы бойынша орынбасары қызметін атқарған.

– Менің жас кезімде Қазақстанның энергетикасы өне бастаған кезінде болатын. Бүгінгі күні бұған сену мүмкін емес, бірақ ол кезде Алматы қаласында түнде қараңғы болатын. 1937 жылы осы қалаға келген кезде «Алмат-ата-І» вокзалынан орталыққа дейін жаяу жүрген кезіміз болған және жол бойы бірде бір жарық шамын кездестірген жоқпыз. Балхаш, Қарағанды және бірең-сараң қаларларды есепке алмағанда, басқа қалаларда электр станциялар болған жоқ. Алматы ГЭС, Лепсі, Бұқтырма және Шүлбі өзендеріндегі энергетикалық құрылыстар менің кезімде құрылды, және де мен осы құрылыстарға тікелей өзім қатыстым, - деді Шапық Шөкіұлы.

2017-08-28 155751Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО еуропалық бөлігінен машина құру кәсіпорындары Алма-Ата қаласына көшіріліп келген кезде, қалада электр энергетикаға деген тапшылық сезілді. Жаңа орында Алмат-ата ауыр машина жасау зауытын (ААМЗ), Киров атындағы зауытты және басқа да тұтынушыларды электрмен «қоректендіру» қажеттілігі туындады. 1941 жылы Сібір, Орал, Қазақстан қорларын қорғаныс қажеттіліктеріне жұмылдыру жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды. Көп ұзамай, 70-жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Г.М. Кржижановский Қазақстанның жас энергетигі Шөкин Шапықты жұмысқа жұмылдырылды. Глеб Максимилианович қазақстандық жас энергетик-ғалымның РЭМЖ жоспарыамен қарастырылған Ертіс өзеніндегі Бұқтырма ГЭС, Өскемен мен Қапшағайдағы гидроэлектр станциялары, Алма-ата қаласындағы Каскад ГЭС құрылыстары жөніндегі бастамаларын қызу қолдады. Осы құрылыстардың барлығы Шөкин Шапықтың тірі кезінде жүзеге асырылды. Айта кететін бір жайт, он екі Алматы ГЭС-терінің ішінде ең бірінші болып Кіші Алматы өзеніндегі ГЭС 1944 жылы іске қосылды. Қаланы электрмен жабдықтаудың негізгі көзі - осы ГЭС тәрізді дүние жүзіндегі жалғыз тәжірибелік ГЭС - шын мәнінде халықтық құрылыс болып саналды. Құрылысты түнімен және күнімен жобалады.

2017-08-28 155803Жылдар өте келе қандай оқиғалар Шөкиннің есінде қалды? Мыңдаған ауыл тұрғындарын электр энергиямен қамтамасыз еткен 1993 жылы пайдалануға берілген Қаскелен ГЭС-нің ашылуы? 1953 жылы Мәскеу қаласында диссертациясын тамаша қорғауы? 1964-1967 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті лауазымындағы қызметі? 1972 жылы «Қазақстан энергетикасы дамуының негіздері» атты кітабы үшін ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының иегері? 1996 жылы Қазақстан Президентінің қолынан «Халық қаһарманы» алтын жұлдызын алуы ..

Толығырақ: Шөкин Шапық, «Өмірдің төрт кезеңі», Алматы, 1998ж.

Қазақстан энергетикасының патриархы Ш.Ш. Шөкин туған күнінің 100-жылдығына орай «Энергетика» журналы, 2012ж., № 3 және т.б..