Өзіңді өзгерте отырып, әлемді өзгертесің

2017 жылдың 11-13 тамызында Шымкент қаласында «Сананың өзгеруі» тақырыбы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ қатысуымен бірінші сараптамалық-сабағаттық жастар кеңесі  өткізілді. Шараға 170 аса адам қатысты, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, «AirAstana» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «KEGOC» АҚ өкілдері, сонымен қатар ҚР Парламентінің депутаттары, «Самұрық-Қазына» АҚ ЕТҚ жастар ұйымының көшбасшылары қатысты. «Алматы электр станциялары» АҚ атынан «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрағасы Ботакараева Фариза қатысты.  

Шараның басты мақсаты Ел басының қоғамдық сананы жаңғырту, Қор компаниялар тобын трансформациялау бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі бастамаларын насихаттау және түсіндіру болып табылады. 

2017-08-28 154649

«Барлық шаралар жасампаз, ынтымақтастық және позитивті атмосферада өткізілді, деп бөлісті Ботакараева Фариза. – Әсіресе шараның «Шабыттану – Өзіңді өзгерте отырып, әлімді де өзгертесің» атты бірінші бөлімі жақсы әсер қалдырды. Шын мәнінде, бізге, жас ұрпаққа, компания жағдайы мен жалпы елімізді өзгерту үшін болашақты қазірден бастан ойластыру керек. Сонымен қатар, Азия, Африка, Австралия және Америка елдерінің ірі шөлдерін жаяу өтіп шыққан планетаның жалғыз марафоншысы Жыланбаев Марат сөз сөйледі. Шараның «Даму – Үздік тәжірибелерге сүйен» атты екніші бөлімінде өзгерістерді басқару тақырыбы бойынша тренинг жүргізілді. Өзгерістерді басқарудың 3-фазалы әдістемесін іс жүзіндегі жобаға қатысты қолдану тәсілін үйрендім. Және де шараның үшінші бөлігі «Эмоциямен бекіту – Бір команда – ортақ жетістік!» тақырыбына арналды. Алған тәжірибемді міндетті түрде біздің компанияда қолдануға тырысамын.

2017-08-28 154659

Шымкент қаласына саяхат шараның тек ұйымдасқан түрде өткізілгендігі ғана таң қалдырған жоқ, сонымен қатар табиғаты тамаша әрі көрікті жерде өткізілгендігі ұнады. Өзімізді Швейцария елінде жүргендей сезіндік. Шара үрдісінде қызмет саласы әр түрлі тұлғалармен таныстық, достасып кеттік, тәжірибелермен бөлістік. Болашақта бір команда ретінде бірге қызмет атқарамзыз. «АлЭС» АҚ көмегімен мен белсенді әрі беделді адамдардың ортасына түстім. Жас ұрпақты салуатты әрі белсенді өмір салтын ұстануға шақырамын. Жас кезімізде өзімізді көрсетуге, табысты және ең бастысы еліміздің дамуына үлкен үлесімізді қосуға мүмкіншілігіміз бар».