Пойызбен саяхат

2017-08-22 120627

«Тұған елге саяхат» атты туристтік пойызбен Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен көрікті жерлері бойынша екінші экскурсиялық тур аяқталды. Бір апта ішінде (2017 жылдың 2 шілдесі мен 11 шілдесі аралығында) балалар Астана-Ақтау-Түркістан-Алматы-Астана маршруты бойынша жол жүрді. «Алматы электр станциялары» АҚ өкілі болып 14 жастағы Оспанова Камилла сайланды, әкесі 3-ЖЭО отынды-көліктік цехінің 5-разрядты кран машинисі – Оспанов Қайрат.

2017-08-22 120640

«Саяхатымыз біздің астанамыз – Астана қаласынан басталды, ол жақта бізді тәлімгеріміз күтіп алды. Астана қаласында Халықаралық Expo 2017 көрмесіне бардық. Маған АҚШ, Ұлыбритания, Тайланд, Австрия, Германия сияқты елдердің көрмелері қатты ұнады. Негізінде, барлық көрмелер қызықты болды, ағылшын тілін жетік меңгергендіктен, шетел азаматтарымен емін-еркін тілдесу мен үшін өте қызықты болды. Әрі қарай пойызбен 3 күн жүрдік. Тәлімгерлер сурет өнері, ағылшын тілі, би, музыка, психология сияқты түрлі шеберлік сабақтар жүргізгендіктен, 3 күн өте қызықты өтті. Манғышлақ станциясына келгенде, тарихи мұражайға бардық, әрі қарай Каспий теңізіне де бардық. Теңіздің суына шомылдық! Сонымен бірге футбол, воллейбол бойынша жарыс ойындары да өткізіліп жатты.

Саяхатымызды әрі қарай Түркістан қаласында жалғастырдық. Түркістан қаласында Арыстан-баба, Ахмед Яссауи, Гаухар ана кесенелері сияқты тарихи ескерткіштерге бардық. Барлығы да өте керемет әрі қызықты өтті.

Оңтүстік астанаға қайтқан кезде, жол бойы балалармен алған әсерлерімізбен бөлісіп келдік. Алған әсеріміз мол болды, және тек жағымды әсер алдық. Алматы қаласына келгенде тауға шықтық. Біздің тауларымыз ең көрікті таулар, ал табиғаты сондай әсем. Кейіннен «Hawai» аквапаркінде шомылдық. Саяхатымыз Шымбұлақ тау-шаңғы курортында аяқталды, онда аспалы жолмен көтерілдік. Өте қызықты болды, биік шыңдарды тамашалап, көркіне таң қалдық. Бұл көріністі ешқашан есімнен шығармаймын.

Осылай, менің туғам елімді аралап шығуға мүмкіндік берген кішкене әрі өте қызықты саяхатым аяқталды.

Осындай тамаша мүмкіншілік үшін «Алматы электр станциялары» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «SAMRUK KASYNA TRAST» қорына шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Анықтама:

2017 жылы Қазақстан бойынша саяхатқа 12 жас пен 15 жас аралығындағы 400 бала жіберілді (1-тур – 200 бала, 2-тур – 200 бала).

 

2017-08-22 120651

Справка: В 2017 году в путешествие по Казахстану отправились 400 детей в возрасте от 12 до 15 лет (1 тур – 200 детей, 2 тур – 200 детей).