«Эдельвейс» балалар лагері жазғы маусымды жапты

Жазғы демалыс та зымырап өтіп кетті! 2017 жылдың 14 тамызында үшінші айналымның салтанатты жабылу рәсімі өткізілді, яғни «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінің жазғы маусымы аяқталды

2017-08-21 103017

«Эдельвейс» лагеріндегі үш ай оқиғаға толы болды. Әрбір күн белгілі бір тақырыпқа арналды. Балалар «Ақылды бала» интеллектуалды ойынын, Үндітер күнін, «Олимп тауының құдайлары» Күні, Олимпиада ойындары, Олимпиадалық және параолимпиадалық ойындардың тарихы және т.б. ойындарын ұзақ уақытқа естерінде сақтап қалады. «Маған «Эдельвейс ханшайымы мен ханзадасы», «Эдельвейс жұбы», «SuperStar» ойындары ерекше әсер қалдырды»,- деп Муслимова Амира өзінің ойымен бөлісті.

 2017-08-21 103027

«Біздің кішкентай спортшыларымыз Попова Анастасия мен Амангелді Жәнсия гимнастикалық трюктерді көрсетті. Біз түрлі эстафеталарға қатыстық, сурет салдық, қолөнермен айналыстық. Мен өзіме көп жолдас таптым. Келесі жылы да жолдастарыммен «Эдельвейс» лагерінде қайта кездесетініме сенімдімін», деп өзінің әсерімен Коробкин Максим бөлісті.

 2017-08-21 103050

Қоштасу кешінде балалар алғыс хаттармен марапатталды, әрбір балаға жеке-жеке номинация ойлап табылды. Ең белсенді, спортшы, әртіс балалар атағы лагер айналымының қорытындылары негізінде берілді. Бір жағынан, жолдастармен және сүйікті тәрбиешілермен, күн сайығы мерекелермен, конкурстармен және әсем табиғатпен қоштасудың қиын соққанын да балалар мойындады. Маусымның жабылу рәсімінде балалар көздеріне жас алды. Екінші жағынан, жаңа оқу жылын балалар демалып, әрі көңілді бастайды.

 2017-08-21 103113

Анықтама: «Алматы электр станциялары» АҚ кәсіподағы жыл сайын 7 жас пен 15 жас аралығындағы балаларға 3 лагерь айналымын ұйымдастырады. 2017 жылдың жазында «Эдельвейс» лагерінде 379 бала демалды (1-айналым – 83 бала, 2-айналым – 212 бала, 3-айналым – 78 бала).