Жаңа белесте

2017-08-21 102549

2017 жылғы шілде айының соңында «АлЭС» АҚ қызметкерлері Көк Жайлау шатқалының шыңына жаяу шықты. Бас кеңсе мен 4 департаменттің қызметкерлері мен олардың балаларынан құрылған топ жаяу сапарын Медеу шатқалынан бастады. Бірнеше биік жарлар мен құламалы еңістерден өте отырып, 3 сағат жаяу жүргеннен кейін, топ биіктігі шамамен теңіз деңгейінен 1600 м биіктікте орналасқан Көк Жайлау шатқалына жетті. Бұл жердің таулы табиғаты өте көрікті әрі әсем, өсімдік әлемі мен жануарлар әлемі тек осы жердің табиғатына ғана тән болып келеді (мысалы еңлікгүл тек осы жерде ғана өседі). Сапарға қатысушы Малаев Әділ әңгімесінде: «Сонымен қатар біз Көк Жайлау сарқырамасына да түстік. Сарқыраманың таза, мөлдір әрі мұздай суы бізді едәуір сергітті, және біз сапарымызды әрі қарай жалғастыруға шешім қабылдадық», - деді.

 2017-08-21 102600

Көк жайлау шатқалына жеткеннен кейін топтың бір бөлігі әрі қарай Үш ағайынды шыңына бет алды, оның биіктігі шамамен 2860 м. құрайды. Бұл маршрут күрделігі орташа болып саналады, өйткені бұл жерде өте биік шыңдар жиі кездеседі. 1,5 сағаттан кейін «АлЭС» АҚ қызметкерлері шыңнын басына жетті. «Үш ағайынды шатқалының шыңынан бір жағында қаланың жалпы көрінісі, екінші жағынан Іле-Алатау биік тауларының көрінісі көздің жауын алады. Біздің тобымыз сапардан шабыттанып, күш-жігерге және жаңа идеяларға толы болып қайтты», - Дүйсенғалиева Әйгерім өзінің әсерімен бөлісті.

 2017-08-21 102612

«АлЭ» АҚ қызметкерлерінің тауға жаяу сапары салауатты өмір салтын, белсенді демалысты, альпинизмді насихаттау, команда рухы мен өзара түсунушілікті дамыту мақсатында ұйымдастырылады. 

2017-08-21 102623