Энергетика ардагерлерін мерейтойлық медальдармен марапаттау

2017 жылдың 11 тамызында энергетика саласындағы ардагерлер С.С. Нұрпейісов, К.Д. Дүкенбаев, А.С. Трофимов, К.А. Абдуллаев «Самұрық-Энерго» АҚ 10 жыл мерейтойлық медальдарімен марапатталды. 

2017-08-21 102211

Басқарма Төрағасының дамыту жөніндегі орынбасары Үстенов Бағдаулет: «Аға ұрпақтардың еңбектегі ерліктерін үнемі есімізде сақтаймыз. Қазақстанның энергетика саласын дамытуға үлкен үлестеріңізді қостыңыздар. 

Қызметтегі жолыңызды, әрбір белесті абыроймен өткере білдіңіз. Жас ұрпақпен өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізбен және ізгі кеңестеріңізбен үнемі бөлісіп жүресіз. Сіздің тәжірибеңіз және біліміңіз біз үшін өте маңызды және қажет. Сіздерді әрдайым бақытты әрі саулықта көргіміз келеді, өйткені Сіздер –  біз құрметтейтін және бағалайтын тарихымыз болып табыласыздар», - деп атап өтті.

2017-08-21 102224

2017-08-21 102236

Анықтама:

Қалық Абдуллаұлы Абдуллаев – «Академик Ш.Ч. Чокин атындағы энергетика ҚазҒЗИ» АҚ Басқарма Төрағасы; Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі; ғалым-энергетик. Қ.А. Абдуллаев көптеген жобаларды әзірледі: Жамбыл, Ермак МАЭС құрылысына, Екібастұз отынды-энергетикалық кешенін құруға қатысқан.Ташкент-Жамбыл-Алматы электр беріліс желілерін жобалады. «Атакент» кешенін ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Түрлі өнертабыстар бойынша сегіз патент иегері.

«Атакент» ҚІСО АҚ директорлар кеңесінің Төрағасы.

Дүкенбайұлы Дүкенбаев Кенжемұрат - «Энергия Әлемі» ЖШС директоры.

1993-2001 жылдары «Казахстанэнерго» ҒЭК бірінші вице-президенті болды, кейіннен «KEGOC» АҚ қайта құрылды және оның президенті болды. 2000 жыл мен 2005 жыл аралығында Энергетика Вице-министрі, «КОРЭМ» АҚ президенті, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңесшісі болды. Ғалым-энергетик, бірнеше кітап және монографиялардың авторы. Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік энергетикалық аймақтарын құру және оларды біріктіру бойынша жүзеге асыратын жобаларды, Қазақстан БЭЖ-ді Орталық Азия БЭЖ және Ресей БЭЖ-бен біріктіру жөніндегі жобаны, сонымен қатар еліміздің электрэнергетика саласын қайта құру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жобаларды әзірлеген.

Сейітқалиұлы Нұрпейісов  Советхан Қазақстан Электрэнергетика Қауымдастығының ардагер-энергетиктерінің Кеңесін басқарады.

1987-1989 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Президиуымының хатшысы болды.

1989 жылы – Қазақ ССР энергетика министрінің орынбасары (кейіннен – Қазақстанның). 1995 жылы – ТМД Электрэнергетика кеңесіндегі Қазақстан энергетика және көмір өнеркәсібі Министрлігінің өкілі, «КЕGOC» АҚ вице-президенті. С.С. Нұрпейісов Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаты болып екі рет сайланды (1980-1990жж.).

Степанович Трофимов Александр - ғалым-энергетик. 1986 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Институт Казсельэнергопроект» ЖШС бас директоры болды. Қазіргі кезде                       А.С. Трофимов «КазНИПИИТЭС Энергия» АҚ Президенті. «2015 жылға дейін ҚР Бірыңғай энергетикалық жүйесін дамыту Бағдарламасы» құрамында «Ауылды электрлендіруді дамыту» тарауын әзірлеуге басшылық етті. А.С. Трофимов басқармған институт қабырғаларында әзірленген, жобаға енгізілген құрылыстың прогрессивті техникалық шешімдері ҚР толығымен электрмен жабдықтау жобасын минималды ресурс қорын пайдала отырып, аяқтауға мүмкіншілік берді.