Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы «АлЭС» АҚкелді

2017 жылы 21 шілдеде Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов іссапармен 1-ЖЭО және Қапшағай ГЭСкеліп қайтты.

1-ЖЭО – да Сұңғат Есімханов өндірістік департаменттің ағымдағы жағдайымен танысты, энергообьектінің жылу беру маусымына дайындығын талқылады.

Комитет төрағасы Қапшағай ГЭС-інде болған кездесуде станциябасшыларымен негізгі жабдықтың техникалық сипаттамамаларын және негізгі жұмыс режимін талқылады, Қапшағай ГЭС машина залының және орталық басқару пультының жұмысымен танысты.