Кәсібилік деңгейді жетілдірудеміз

2017 жылы шілде айында 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, БЖК өндірістік департаменттеріндегі химиялық талдау зертханаларының лаборанттарына тәжірибелік оқыту ұйымдастырылды. Осы мақсатты «Химиялық реактивтерді дайындай отырып, суға, сонымен бірге негізгі жабдықтағы шөгінділергетолық талдау жасау» арнайы бағдарламасы әзірленді. Үш күн бойы 2-ЖЭО Баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының химиялық зертханасының базасында тәжірибелік сабақтар өтті. Тәжірибесі мол тәлімгер, 3-ЖЭО химиялық цехында инженер болып қызмет атқарған Вера Николаевна Сердюк лаборанттарға дәріс берді.

 

18 шілдеде 2-ЖЭО департаментінде алғашқы оқу тобы емтихан тапсырды, лаборанттарға оқудан өткені туралы сертификаттар тапсырылды. «Оқу бағдарламасынан тамаша әсер алдық. Мен үшін бұл шеберлік сабақтары, біліктілікті арттырудың ұтымды тәсілі болды. Бізге берілген материалдар көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұнды болды. Мен шөгінділерді, мұнай өнімдерін талдау білігімді жетілдіріп, химиялық реактивтер әзірлеуге машықтандым. Алған білімімді күнделікті кәсіби қызметімде пайдалануға асығамын», - деді БЖК химиялық талдау зертханасының лаборанты Айжан Авганова.

 

Шілдеде суды талдау бойынша тағы бір топқа оқу ұйымдастыру жоспарланған, бұдан кейін отын, май, газға талдау жүргізу сабақтарын өткізу болжамдалады.