Үздік бастауыш партия ұйымы

«АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымы (БПҰ«Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауына қатысты.

«АлЭС» АҚ БПҰ үшінші, яғни құрамында 500 және одан да көп партия мүшелері бар ұйым санаты бойынша қатысты.

Үздік бастауыш партия ұйымын анықтайтын байқау 3 кезеңді қамтыды:

  1. кезең - партияның аумақтық филиалы деңгейін;
  2. кезең -партияның өңірлік филиалы деңгейін;
  3. кезең  партияның Орталық аппараты деңгейін.

«АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымы партияның аумақтық филиалы деңгейінде 1 орын алды.

2017 жылдың 20 шілдесінде байқаудың өңірлік филиалы деңгейіндегі екінші кезеңі өтті.

«АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимов компанияда жүзеге асырылып жатқан партияның жобалары, партия ішінде атқарылатын жұмыстар туралы баяндады, байқау комиссиясының барлық сұрақтарына жауап берді.

Байқаудың өңірлік филиалы деңгейінің нәтижелері 2017 жылдың 20тамызынан кейін хабарланады.

Біз жеңістен үміттіміз!