Туған елге саяхат

2017 жылдың 2 мен 11 шілдесінде 200 астам балақай «Туған елге саяхат» туристік пойызында Астана – Екібастұз  ̶  Алматы – Байқоңыр – Астана маршрутымен елге саяхат жасады. Жас саяхатшылар қытарында «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің де балалары болды:

  • Диана Амангазы, 13 жаста (әкесі - Мұсаханов Қанат Аманғазыұлы, «Энергожөндеу» ӨЖК Металдар және дәнекерлеу қызметінің жетекші инженері»);

  • Алихан Серикжанов, 13 жаста (әкесі - Кемпірбеков Нұржан Серікжанұлы, Каскад ГЭС ЕҚжҚТ инспекторы).


«..Біздің туған елге саяхатымыз ел ордасы – Астана қаласынан басталды, - деді Алихан Серікжанов, саяхаттан алған қуанышымен бөлісе отырып. –Астана - болашақтың қаласы, деп босқа айтпайды екенбіз. Өте заманауи қала. Отанымызда өтіп жатқан «ЕХРО 2017» көлемді халықаралық көрменің Астанада өткізілуі заңдылық. Мен мақтандым, әсерлендім. Біздің Астанадан басталған саяхымыз Екібастұз, Алматы, Байқоңыр қалаларында жалғасты. Екібастұзда алғаш рет экскурсиямен ГРЭС -2 болдық. Бізді онда жылы қабылдады. Мені Екібастұз ГРЭС -2 биіктігі 420 м құрайтын темірбетонды бу құбыры әлемдегі ең биік құбыр екені, оның Гиннестің Рекордтар кітабына енгізілгені туралы ақпарат қуантты. Алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Осы саяхаттық сапарым есімнен кетпейтін шығар. Отанымыз байтақ, сұлу, ғажайып екен. Мен Отаныммен мақтанамын».

«Біздің үлкен және танымдық саяхатымыз Ел ордамыз көркем әрі сұлу Астанадан басталды,- дейді саяхатқа қатысушылардың бірі Диана Аманғазы. Астананыңжаңашыл, көркем қала екенін білетінмін, алайда осы жолғы Астана мені таңқалдырды. Біздің жолымыз болды, Астанаға «ЕХРО 2017» көлемді халықаралық көрменің қарсаңында бардық.

Одан кейін Екібастұз қаласына

тоқтадық. Онда ГРЭС – 2

болдық. Электрстанциясын

аралатып, таныстырды. Өзім үшін көп нәрсе алдым. Өндіріс орнына жасаған

алғашқы экскурсиям болды. Ұмытылмайтынын білем. Маған еңбек адамдары

ұнады. Алматыға үлкен әсермен келдік. Шымбұлаққа көтерілдік, «Гаваи» аквапаркіне, зообаққа бардық. Содан кейін Байқоңыр қаласына бағыт ұстадық. Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанның мақтанышы.

Біз космонавтика мұражайына бардық. Өз көзімізбен ғарышкерлердің киімін, тамағын, керек - жарақтарын көрдік, ғарыш кемелері көлемімен таңқалдырды. Мұражайда көрсеткен қысқаметражды фильм санамда ғарыш туралы ерекше әсер қалдырды. Ғарышкерлер батырлардың батыры екен. Ғарыш, ғалам туралы көп мәлімет алдым. Мұражайдан кейін Қорқыт ата кесенесінде болдық, онда өзімді қобыздың ішінде жүргендей сезімдім. Қобыз әуенін естігенде ертегі әлеміне сапар шеккендей болады екенсің. Байқоңырдан Астанаға жол тарттық. Дос болып үлгерген құрбыларыммен қоштасу қиынға түсті, алайда алдағы уақытта олармен жолығатын шығармыз. Мен «Алматы электр станциялары» АҚ, «Самұрық -Энерго» АҚ, «SAMRUK KASYNA TRAST» Қорына, «ҚТЖ» ҰК» АҚ» осындай керемет, естен кетпес саяхатсыйлағандары үшін рахмет айтамын».

Анықтама:

«Туған елге саяхат» жобасы алғаш рет 2016 жылы «Менің Елім» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған болатын. Жобаның ұйымдастырушысы «Самұрық -Энерго» АҚ компаниялар тобы әлеуметтік жобаларының біріңғай операторы «Samruk- Кasyna- Тrast» Қоры және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ».