1-ЖЭО: мини – футболдан ашық біріншілік

2017 жылы 15 шілдеде 1-ЖЭО мини футболдан ашық біріншілік өткізілді. Аталған іс–шара кәсіподақ ұйымының спорт комитеті мен станция басшылығының бастамасымен өтті.

Өз күштерімен жабдықталған арнайы стадионда жүзден астам адам жиналды. Біріншілікке 10 команда қатысты. Салауатты өмір салтын ұстануойынға қатысудың басты шарты болды.

1-ЖЭО басқарушы директоры Ғалым Садуақасұлы Жаңбыршы, бас инженер Алексей Ким, басқарушы директордың орынбасары Алибек Тастанбеков, кәсіподақ төрағасы Тұрсун Жакупова жарысқа қатысушыларғасәттілік тіледі.

Жарыс бағдарламасы мазмұнды болды. «Командамен жеңіске жетудегі құлшынысымызфутболшылармен қатар, жанкүйерлерімізді де жігерлендірді. Алаңда қызу ойын, стадионда қызу қолдау болды, соғылған әр гол жанкүйерлер, футболшылар мен жарыстың ұйымдастырушыларына қуаныш сыйлады», - деді Тұрсун Жакупова.

Ойынқорытындысы бойынша бірінші орын Жылу автоматикасы және өлшеулер цехыӨЖК учаскесініңқанжығасынмайлады, ал екінші орынды 1-ЖЭО қазандық цехының командасы, үшінші орынды - 1-ЖЭО турбина цехы алды. Жүлделі төртінші орын –«Күзет» полициялық күзет командасының үлесіне тиді.

Біріншіліктің үздік ойыншылары:

Үздік қорғаушы – Марат Сапиев, 1-ЖЭО жөндеу – құрылыс учаскесінің бастығы;

Үздік қақпашы – Павел Кситоров, 1-ЖЭО орталық жылу қалқанының машинисі;

Үздік шабуылшы – ЖомартДаулетбаев, 1-ЖЭО ақпараттық технологиялыр қызметінің шебері;

Үздік ойыншы – Сұңғат Иманалиев, «Күзет» күзет полициясының сержанты.

«1-ЖЭО мини футболдан ашық біріншілік осы деңгейде алғаш өткізіліп отырБіздің команда жеңіс үшін барын салды, аянбады. Жарыстың ұйымдастырушыларына БауржанБектуровқа, 1-ЖЭО ақпараттық технологиялыр қызметінің бас маманына, Данияр Жумаевқа, 1-ЖЭО автокөлік учаскесінің жүргізушісіне, Жомарт Даулетбаевқа, 1-ЖЭО ақпараттық технологиялыр қызметінің шеберіне біріншілікті сапалы ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын», - деді ӨЖК командасының капитаны Кайрат Мадыгалиев, 6 разрядты электрслесірі.