«АлЭС» АҚ Корпоративтік іскерлік этика кодексі

2017 жылы шілдеде «АлЭС» АҚ –да Корпоративтік іскерлік этика кодексі өзектендірілді

«АлЭС» АҚ Корпоративтік іскерлік этика кодексі – компанияда қабылданған маңызды құлық ережесініңжиынтығы. Кодекс «АлЭС» АҚ барлық қызметкерлеріне ортақ. Оның негізінде біздің Компаниямыздың миссиясы және құндылықтары, жоғары кәсібилік, әріптестер мен серіктестерге деген сыйластық қарым - қатынас, заңнама мен компанияның ішкі саясатының талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық пен кез келген заңсыз әрекеттерге жол бермеу ұстанымдары бар.

«Кодексті сақтау қоғамымыздың әр мүшесі үшін де, мен үшін де - қызметкерлердің сенімін, компания имиджін, демек, Қоғамның ұзақмерзімді табысты дамуын қамтамасыз ететін қызметіміздің ажырамас бөлігі», - деп атап көрсетті «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы, Алматы қ. маслихатының депутаты, Нұрлан Мұхамед-Рахимов.