«АлЭС»шыңдарды бағындыруда!

2017 жылғы 2шілде күні «Нұрсұлтан» шыңына жаппай шығубасталды. «АлЭС» АҚ атынан осы аталған шараға 3-ЖЭО ӨТБ есептеу және режімдер жөніндегі инженер Айгерім Дуйсенгалиева қатысты. Ол қиындық категориясы 2А марштрутымен жүрді: Медеу (1600м) — Шымбұлақ (2380м) — Талгар асуы (3200м) —Богданович мұздығы —Комсомол асуы (4000м) —Нұрсұлтан шыңы (4376м).

Талғар асуынан бастап Нұрсұлтан шыңынажету үшін қарлы- мұзды және жартасты учаскелермен жаяу жүруге 6 сағаттан астам уақыт кетті. «Шың басынан ашылатын сұлу табиғат көрінісі естен кетпес әсер қалдырды. Бұл Іле Алатауының ең көркем шыңдарының бірі және оны Алматының кез келген жерінен көруге болады! Альпинистер бірін – бірі кезекті бағындырылған шыңмен құттықтап жатты. Шың басына көтерілу үшін үлкен дайындық және шешім керек болды. Мен үшін сондай биіктікте Мемлекетіміздің туымен бірге«АлЭС» АҚ туын қатар желбірету жігерлендіре түсті», – деп ойымен бөлісті Айгерім. «Шымбұлақ – Нұрсұлтан 2017» альпиниадасыАстана күніне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің басталуына орай ұйымдастырылды.

 Анықтама:

 Нұрсұлтан  шыңы(теңіз деңгейінен 4376 метр биіктікте орналасқан, 1935 жылға дейін — Малоалматинский, 1998 жылға дейін  — Комсомол шыңы деп аталған) — Іле Алатауы Тянь – Шань жотасының солтүстік баурайындағы тау шыңыОл Алматы үстінен әсерлі көрінетінжартасты – мұздыбиіктік, қасында орналасқан барлық таулардан биік көрінеді.Алматы альпинистерінің арасында да ең танымал әрі тартымды шың. Оған ең алғаш 1929 жылы тамызда №10 мектептің денешынықтыру мұғалімі Григорий Белоглазов шыққан болатын. 1935 жылы 9 шілдеде алғашқы жаппай алпиниада шеңберінде осы шыңды 249 адам бағындырды. Альпиниада – қандай да бір шыңға жаппай шығу. 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014ж. 17қаңтардағы Жолдауына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі №581-ІІ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «Шымбұлақ – Нұрсұлтан 2017» альпиниадасы салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында белсенді демалысты ұйымдастыру мақсатында өткізілді. Шыңды бағындыруға ниет білдірген 5 мыңға жуық адамның арасында әуесқойлар да, кәсіпқойлар да жеткілікті болды. Туристердің басым көпшілігі 4050 метр белгісіне жетті, ал Нұлсұлтан шыңының (4376 м) басына тек 290 адам шықты.