Күміс плей-оффI орын

2017 жылғы 1 шілдеде «КазахПром – 2017 кубогы» 1 Халықаралық футбол турнирі болып өтті. Турнирге Алматы, Тараз, Астана, Қарағанды, Екібастұз, Семей қаласынан және Степной елді мекенінен командалар қатысты.

Күміс плей-офф–кеАлматы қаласынан 6 ұжым, Астанадан 1 - «Казмұнайгаз» тобы шықты. Финалда «АлЭС» АҚ және «Темірбетон-1"командалары кездесті. «АлЭС» АҚ тобы 4:1 көрсеткішімен жеңіске шығып, Күміс плей - офф туринирінің басты жүлдесінқанжығасына байлады. «Алматы электр станциялары» АҚфутболшыларынасалтанатты түрдеҚазақстан және Орта Азия өнеркәсіптік кәсіпорындар командалары арасындағы үздік ойын көрсеткені үшін Күміс кубок және «КазахПром – 2017 кубогы» І Халықаралық футбол турниріне қатысушының дипломы тапсырылды.

 

«Біз ұйымшыл командамыз, футболшыларымызбарын салып дайындалды, ойынға 100% күш салды. «Алматы электр станциялары» АҚ құрамасының футболкасын кигенде жігерлене түсемін, шаршағаным басылады, жаттығуға қуана кірісемін. Осы жолғы ойында жеңіске жету үшін аянбадық. Спорттан нұсқаушымыз Серік Тымбасбаевқа ерекше алғысайтамын», - деді команда капитаны Мирас Кияков.

 

Біздің жеңімпаздар

Т.Е.Ә.

Лауазымы

Департамент

Кияков Мирас К.

Инженер по РЗА

2-ЖЭО

Суанбеков Жасулан

2-ЖЭО қазантазартушы

ӨЖК

Масакбаев Данияр

СБ жетекші экономисі

Бас кеңсе

Шатаев Аскер

Машинист-тексеруші

2-ЖЭО

Орлов Алексей А.

Машинист

3-ЖЭО

Сапиев Марат

Кезекші слесір

2-ЖЭО

СуанбековАйдын

Қазан тазартушы

ЭЖ ӨЖК

АбдымамынИген

Машинист-тексеруші

2-ЖЭО

КойшыбаевШакен

Электрослесарь

ӨЖК

Толеген Ерлан

Машинист-тексеруші

2-ЖЭО

ЕсенбердиАдилет

Электр слесірі

2-ЖЭО

БайнусеровБейбит

Электр слесірі

2-ЖЭО

ДжумакановМершат

Электр дәнекерлеуші

ӨЖК

Суанбеков Рустам

Шебер

ӨЖК

 Анықтама: 2017 жылғы 1 шілдеде Халықаралық және Бүкілресейлік спорттық ойындардың тәуелсіз ұйымдастырушысы "Спортико" компаниясы Қазақстан және Орталық Азияныңөнеркәсіптік кәсіпорындарының футбол командалары арасында өзінің алғашқы турнирін өткізді. Аталған турнир Алматы қаласында Football Land заманауи футбол кешенінің базасында өтті. "Спортико" ұйымдастырған барлық турнирлер атауы жағынан да, қатысушылардың географиясы жағынан да ауқымды. Футбол әлемінде кең танымал спорт жұлдызының қонақ ретінде қатысуы осы турнирдің мәртебесін арттыра түседі. Бұл жолы «КазахПром – 2017 кубогы» І Халықаралық футбол турнирінің қонағы - 1969 жылы КСРО чемпионы, 1972 жылы КСРО үздік ойыншысы, 1972 жылғы Олимпиаданың қол жүлдегері, танымал футбол сарапшысы - Евгений Серафимович Ловчев болды.