«Қоғам қайраткері» медалі тапсырылды

2017 жылғы 3 шілдеде«АлЭС» АҚ Басқармасының Төрағасы, Алматы қ. маслихатының депутаты, «АлЭС» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Мұхамед – Рахимовқа ауданның қоғамдық – саяси өміріне белсене қатысқаны үшін, Елбасының институционалды реформаларын, партия бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыру барысына қосқан үлесі үшін«Қоғам қайраткері» медалі тапсырылды.

«Өмірлік ұстанымыма айналған үздіксіз алға ұмтылу философиясын бөлісетін, білек сыбанып, иық тіресіп жұмыс атқаратын «Алматы электр станциялары» АҚ барлық жұмыскерлеріне алғысым шексіз. Олардың қажырлы еңбегінсіз бұл марапат мүмкін болмас еді», - деді Нұрлан Мухамед-Рахимов.