Жаз – «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінде жарқын күндер және көңілді демалыс маусымы

2017 жылдың 20 маусымында «Эдельвейс» энергетиктер кәсіподағы балалар сауықтыру лагерінің ашылу рәсімі өтті. «Эдельвейс» - шаттық, көтеріңкі көңіл күй, қамқорлық, достық орнаған бақытты балалық аумағы. Іле Алатауының экологиялық таза аумағында теңіз дейңгейінен 1800 м биіктікте орналасқан лагерьдің елу жылға жуық тарихы бар, сондықтан энергетиктер балаларының жадында осы лагерь туралы тамаша естеліктер сақталған.

Соңғы 7 жылда лагерь орналасқан жерін ауыстырды, енді ол Алматы қаласынан 13 км жерде.Табиғат сұлулығы, таза ауа, жарқыраған күн балалардың демалуына және денсаулығын нығайтуға керемет қолайлы жағдай туғызады. «Эдельвейс» - қалыпты лагерь емес, бұл өзінің заңдылықтары, дәстүрлері мен ғұрыптары бар шағын мемлекет. Лагердің күн сайынғы тіршілігі спорттық және дамыту ойындарына, тауға жорық жасауға, флэшмоб, шығармашылық және интеллектуалды конкурстар сияқты балалардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытатын, дербестігін, еркіндігін оятып, ашатын, жаңа нәрсені үйреніп, жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік беретін іс –шараларға толы. Лагерьде демалыс маусымын ашатын бірінші кезең - маусымда 7-15 жас арасындағы 85 оқушы демалып, денсаулығын жақсартады. Алғашқы маусым 4 шілдеде аяқталады, 2 маусым - 10 - 24 шілдеге, ал 3- маусым 31 шілдеден 14 тамызға дейінгі мерзімді қамтиды.