Қапшағай ГЭС: жөндеу жұмыстары

Маусым айы Қапшағай ГЭС жөндеу компаниясының нағыз қызатын кезеңі. ГЭС жұмыскерлерінің және жұмылдырылған мердігерлік ұйымдардың күшімен станция жабдықтарын жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Моральды тозған жабдықтарды жаңа буын жабдықтарына ауыстыра отырып, ОРУ - 220кВ қайта құру жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

 

Мамандандырылған мердігерлік ұйым жұмыскерлерінің күшімен №3, 4 ауа ажыратқыштары ұяшықтарының жабдығын қайта құру жұмыстары орындалды және элегаздыға көшіре отырып, ОРУ-220кВ ажыратқышы ұяшығын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Қапшағай ГЭС бас инженері Максим Мамырин мен өндірістік – техникалық бөлім бастығы Антон Макурочкиннің басшылық етуімен станцияның өндірістік цехтарының инженерлік – техникалық құрамы жұмыстарға ұйымдастырушылық – техникалық сүйемелдеудіқамтамасыз етеді.

Ғимараттар мен гидроқұрылыстарды пайдалану жөніндегі цехтың бастығы Анатолий Харитоновтың қадағалауымен мердігерлік тәсілмен №1 пайдаланылатын суағытқы және аккумуляторлық батареялардың орын - жайы жөнделуде.

Электрмашинасы цехының бастығы Сергей Даниленконың және цехтың инженерлік – техникалық құрамының күшімен №1 гидроагрегат, Т-1 күштік трансформатор және меншікті қажеттіліктер трансформаторы ағымдағы жөндеуден өтті. 2017 жылғы 21 маусымда №1 гидроагрегат пайдалануға берілді, желіге, іске ескертулерсіз қосылды.Қазіргі уақытта кезегімен №3 гидроагрегат ағымдағы жөндеуге шығарылды.

 

Анықтама:№3 гидротурбинасы 1971 жылы пайдалануға берілді. Сол уақыттан бері қолданыстағы нормативтік - техникалық құжаттарға сәйкес көлем мен мерзімде осы аталған гидроагрегатта жоспарлы ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.